Атырау, 23 қараша 00:20
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қаламұшпен жазылған...

3 327 просмотра


3 сәуірде Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде жергілікті суретші Қалыбек ЖҰМАШЕВТІҢ «Қолжазба әрпі және каллиграфия» көрмесінің ашылу салтанатты өтті. Бұл көрмені ол өзінің досы, талантты журналист әрі фотограф Мұрат ДИАРОВТЫҢ 60 жылдығына орай оның рухына арнады.

– Көптеген халықтардың, мәселен, қытайлықтар мен жапондықтардың қолжазба жұмыстарына, өз каллиграфияларына қалай қарайтынын өздеріңіз білесіздер. Компьютерлер мен басқа заманауи техникалар пайда болғаннан кейін адамдар жазуды, өз қолдарымен жасап шығаруды тоқтатты. Ал бұл шығармашылық қиялға теріс әсер етеді деп ойлаймын. Адамдар дайын нәрсеге әдеттеніп кетеді және өзі бір нәрсені ойлап тауып, жасасам деп аз ойланады, - дейді автор көрмеден тысқары кезде «АЖ»-мен өз алаңдаушылығын бөлісіп.

Бір қызығы, өзінің кейбір жұмыстары үшін мәтін ретінде суретші марқұм досының қызы Мәликаның өлеңдерінен үзінділерді қолданыпты. Танымал ғалым-химик әрі эколог, ҚР ҒА академигі Мұфтах ДИАРОВ көрме ұйымдастырушыларына, бүкіл суретшілер мен журналистерге ұлы туралы жылы естеліктері үшін алғыс білдірді. Көрме алдағы екі апта бойына баршасы үшін ашық болады.


Жеке ақпарат

4 сәуір 2017, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.