Сұрақ-жауап Мүгедектің мүддесі – Ұлым туа бітті жүйке сырқатымен ауырады, ІІ топ мүгедегі. Психологиялық диспансер есебінде тұр. 3 бөлмелі пәтеріміз бар, жекешелендіру келісімшарты 4 адамға, соның ішінде ұлыма да рәсімделген. Қызыма бір бөлігін беру үшін пәтерді қалай ауыстыруға немесе сатуға болады? Нотариус алдымен ұлымның жағдайын анықтап, соттан құжат алу керектігін айтады. Айтыңыздаршы, қайда барғаным жөн? Менің сотқа қатысу үшін адвокат жалдауға мүмкіндігім жоқ. 13 қараша 2014, 00:00 2 289 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ескек есу спортына қолдау қажет – Балаларымыз каноэ мен байдарка есу секциясына барады. Бізге спортшылардың қандай жағдайда жаттығатынын көру өте ауыр. Қайықтар 14 жылдан бері жаңартылмаған. Қалалық спорт комитетіндегілер жазда жаңа байдаркалар алуға уәде берді, бірақ оларды ешкім де сатып алған жоқ. Біздің жаттықтырушымыз Андрей САФАРЯН балалар үшін өз қаржысына байдаркалар сатып алды. Спорт комитеті де спортшылардың сайысқа бару сапарларын құлықсыз қаржыландырады. Жаттықтырушыға бұл ақшаны әрең алуына тура келеді. Жазда балаларымыз Орал қаласына сайысқа барып, бүкіл дерлік жүлделі орындарды алып қайтты. 13 қараша 2014, 00:00 2 352 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шаралар алынуда – Жер телімдерін беруге мораторий күші қашан аяқталады? Бүкіл процедуралардан өттік, бізге тіпті жер телімі бөлінді, бірақ мораторий себепті біз оны жеке билігімізге ала алмай отырмыз. 6 қараша 2014, 00:00 1 941 рет қаралды
Сұрақ-жауап Лицейдің қандай айырмашылығы бар? – Жақында біз жанында №16 мектеп орналасқан үйге көшіп бардық. Ұлымызды осы мектепке ауыстырғымыз келген. Бірақ бізге №16 мектептің лицей екенін, ол жерге емтихансыз қабылданбайтынын айтып, бас тартты. №31 және №20 мектепке қатысты да осындай жағдай. Осы гимназиялар мен лицейлердің қарапайым мектептерден айырмашылығын түсіне алмаймын. Оларға бұл мәртебені кім береді? Гимназиялар мен лицейлерге қандай талаптар қойылады? Менің пікірімше, еш айырмашылық жоқ. Жұмыс істейтін де сол мұғалімдер, сабақтар да бірдей оқулықтармен оқытылады. 6 қараша 2014, 00:00 8 753 рет қаралды
Сұрақ-жауап Баспана бабы - «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне» 18 жастан бастап салымшы болып, тұрғын үй кезегіне тұруға бола ма? Егер мұндай бағдарлама болса, оның талаптары қандай? Қандай құжаттар жинау керек? Оларды қайда тапсыру керек? 30 қазан 2014, 00:00 5 253 рет қаралды
Сұрақ-жауап Түбіртек неге бермейді? – Офтальмологиялық ауруханада анағұрлым қымбат операцияны жасауға мәжбүрледі, бірақ түбіртегін берген жоқ. Катарактаны тігісті сылу және катарактаны лазермен сылып тастау қанша тұратынын білгім келеді және неліктен түбіртек бермейді? 23 қазан 2014, 00:00 2 264 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қолайсыз елдерге бармаған жөн – Әлеуметтік желілерде Эбола вирусына шалдығу қаупіне байланысты облыс аумағына банан әкелуге тыйым салу туралы хабарлама таратыла бастады. Осы рас па? 23 қазан 2014, 00:00 2 232 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ескі шот бойынша - «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінен» хат алдым, менің банкте есеп-шотым бар екен. Мен бұл шотты 2008 жылы ашқанмын, бірақ оған ақша салуға жағдайым болмады да, бос шот болған соң жабылып қалған шығар деп ойлағанмын. Енді ол шотпен не істей аламын? 16 қазан 2014, 00:00 2 159 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әкімдер қабылдауында – Облыс пен қала әкімдерінің қабылдауына қалай кіруге болады? 16 қазан 2014, 00:00 2 389 рет қаралды
Сұрақ-жауап Түтінмен тыныстап отырмыз – Біздің отбасымыз Ескі әуежай маңында тұрады. Аптасына 2-3 рет қоқыс орны жақтан ащы түтін келеді. Сәбиіміз осы улы түтінмен дем алса болды, жөтеліп, алқына бастайды. Анамның түн болса, басы ауырып, лоқсиды. Сәбиімнің жөтелден булыққанына төзе алмаймын. Бірақ, өкінішке орай, оған көмектесуге дәрменсізбін. Біздің басқа қалаға кетіп қалуға мүмкіндігіміз жоқ. Бізді улауды қашан доғарар екен? 9 қазан 2014, 00:00 1 909 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қысым себеп емес – Мен шағын компанияға басшылық етемін. Жеке емханада өткізілген медициналық тексеру барысында үш қызметкеріміздің (екі жүргізуші мен тазалаушы) жоғарғы артериалдық қысымы бар екені анықталды. Осыған байланысты кадрлар бөлімінен бұл қызметкерлердің мекенжай бойынша емханадан анықтама алып келуге тиіс екендігі, ал егер бұл анықтамалар болмаса, қызметкерлерді жұмыстан шығару керектігі туралы хабарлама алдым. Кадрлар бөлімінің талаптары заңды ма? 2 қазан 2014, 00:00 2 330 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дресс-код бойынша сап түзе! –Мен ірі кәсіпорында жұмыс істеймін. Басшылық қызметкерлерден дресс-код сақтауды талап етеді. Яғни, ер адамдар футболка мен джинсы шалбардың орнына классикалық шалбар мен жейде, ал әйелдер – кеңсе киімін киюі керек. Цех жұмысшылары өздеріне берілетін арнайы киіммен жүруге тиіс. Мұндай талаптар әдетте қандай құжатта жазылған? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 516 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сақтандыру медицинасы – Жеке стоматологиялық емханалардың бірінде ауру тісімнің орнына сау тісімді жұлып тастады. Менің наразылығыма дәрігер қайда шағымдансаң да өзің біл деді, ал емхана меңгерушісі менен қашқақтап жүр. Өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгінуге болады? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 400 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пластиктен алынатын ақша – Шетелге демалуға бармақпын. Өзіммен бірге қолма-қол ақшаны көбірек алғым келмей тұр, бірақ ақшаға мұқтаж болып қалғым да келмейді. Кез келген елде проблема болмас үшін өзіммен бірге қандай кәртішкені алған жөн? 11 қыркүйек 2014, 00:00 2 121 рет қаралды
Сұрақ-жауап Су қайда? – Тасқала-3 поселкесінде үш жылдан бері тұрамыз. «Бюджеттік» су құбыры салынды, алайда «Атырау су арнасы» КМК оны қосуға асығар емес. Неліктен? 11 қыркүйек 2014, 00:00 1 947 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ереже бойынша ажырасу – Атырауда ажырасқаннан кейін өзімнің туған қалам – Қостанайға оралдым. Ажырасқан соң фамилиямды өзгертпей, бұрынғы күйеуімнің фамилиясын қалдырдым. Ажырасу туралы куәлікті алмаған едім. Біраз уақыт өткен соң екінші мәрте тұрмысқа шықтым. Сол кезде некені тіркеу кезінде ажырасу туралы куәлік қажет болды, ал ол менде жоқ еді. Біздің АХАЖ-дың қызметкерлері Атырау АХАЖ-ына сұраныс жасап, менің және бұрынғы жұбайым екеуміздің арамызда неке бұзылғандығы жөнінде актілік жазба бар екендігі туралы анықтаманы алды. Осы анықтаманың негізінде менің екінші күйеуіммен некем кедергісіз тіркелді. Тұрмысқа шыққанда күйеуімнің фамилиясын алдым. Енді маған бірінші некемнің бұзылғандығы туралы куәлік қажет болып отыр. Бірақ мен қазір оны ала алмаймын, өйткені, менің фамилиям басқа. Не істеймін? 11 қыркүйек 2014, 00:00 2 683 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ардагерлерге - кепілдіктер – Менің бауырым, ауған соғысының ардагері, ірі компанияда жұмыс жасайды. Есеп бөлімі одан табыс салығын ұстап, еңбекке жарамсыздық бетшесін төмендетілген тариф бойынша – жалақының 20 пайызын төлейді. Басқа ауған ардагерлері өздерінің салықтан босатылғанын және оларға еңбекке жарамсыздық бетшесін толықтай төлейтіндігін растап отыр. 4 қыркүйек 2014, 00:00 3 080 рет қаралды
Сұрақ-жауап Арендалық тұрғын үйді қалай жекешелендіреді? - Нұрсая ықшамауданындағы арендалық пәтерлерді жекешелендіру (сатып алу) үшін қалалық әкімдікке қандай құжаттар тапсыру керек? 4 қыркүйек 2014, 00:00 8 868 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жағылған күйе кетпейді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (ҚР ҚС және АЕК) Атырау облысы бойынша басқарма басшысы, аға заң кеңесшісі Болат ТАЗАБЕКОВ оқырмандардың сауалына жауап береді: 28 тамыз 2014, 00:00 7 726 рет қаралды
Сұрақ-жауап Анықтамаңыз бар ма? - Қазір белгілі бір жерге құжат жинағанда сотталмағандығы жөнінде анықтама сұратады. Оны қай жерден береді? Соттылығы бар немесе жоқ деген анықтаманы беру тәртібі қалай? 21 тамыз 2014, 00:00 2 472 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарық уақытша берілді – Биылғы жылдың мамырында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша Привокзальныйдағы алты қабатты Берғалиев, 71 және 73-үйдегі пәтерлерге қоныстандырды. Бірақ бұл үйлерде әлі күнге дейін жарық та, газ бен ыстық су да жоқ. Сондықтан біз көше алмай отырмыз. Кілтті тапсырған күні жарық болған еді, содан кейін ажыратып тастады... 24 шілде 2014, 00:00 1 709 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шекара орны – Қаладан 11 шақырым жерде Талғайраң ауылы бар. Талғайраңнан тағы 11 шақырым жерде «Атырау қаласының шекарасы» белгісі тұр. Алайда жақын маңда елді мекендер жоқ. Бұл белгінің болуы жол полицейлеріне Атырау-Индер тас жолының бойымен сағатына 60 шақырым жылдамдықтан жоғары жүретін жүргізушілерге айыппұл салу құқығын береді. «Атырау қаласының шекарасы» жол белгісін оның нақты шекарасына – Талғайраң ауылына кері орнатуға бола ма? 10 шілде 2014, 00:00 2 420 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарықтан алыс тұрамыз - Мен Досмұхамедов (бұрынғы Московский) көшесі 127/3 мекенжайында тұрамын. Біздің үйлерімізге электр қуаты ТП-45/15 трансформаторынан беріледі. Қыста да, жазда да жүктеме көп болғанда, кернеу 180-190 В-ға дейін төмендейді. Бізді қашан жаңа ТП-ға көшіреді? Біз Атырау-Жарыққа толық тариф бойынша ақша төлеп жатырмыз, ал, монополист қызметін толық көлемде бермей отыр. Осы мәселені шешуге көмектесіңіздерші. 26 маусым 2014, 00:00 3 237 рет қаралды
Сұрақ-жауап Төрт КамАЗ-ға қатысты іс – Менің көлік жуатын орным бар. Кәріздік жүйе жоқ, сондықтан пайдаланылған су септикке құйылады. Кәріз үшін төлемді тұтынылған су мөлшеріне сәйкес дер кезінде төлеп отырамын. Жұртшылық тыңдауында «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ АСА вакуумдарының қызметін пайдаланушыларға кәріз жүйесі үшін абоненттік төлемақы вакуум қызметі үшін төленген сомаға азаяды деп айтты. Бірақ іс жүзінде олай емес. Мен төрт КамАЗ-дан суды тартып шығаруға тапсырыс берген едім, ал, монополист өзара есептесу үшін түбіртек қабылдаудан бас тартып отыр. 26 маусым 2014, 00:00 2 741 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өтініш мерзімі ескірген – 2012 жылы мен «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша мал сатып алуға 2 млн теңге алу үшін «Индер Мақсатқа» құжаттар тапсырдым. Әлі күнге дейін жауабын күтіп жүрмін. Менің ұлттық кәсіпкерлер палатасына қояр сұрағым бар. Өтініштерді қарау мерзімі қандай? 29 мамыр 2014, 00:00 1 938 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мектепте ақша жинауға болмайды - Мектептерде жыл сайын оқу жылы аяғында жөндеу жұмыстарына деп оқушылардан ақша жинай бастайды. Осы қаншалықты заңды? Егер заңға қайшы болса, неге бұл үрдіс тоқтамайды? Жалпы, мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөліне ме? 29 мамыр 2014, 00:00 10 883 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шеніне сай емес – Учаскелік инспекторымыз үйімізге келіп, есік қаққан кезде іштен «Кім?» деп сұрасақ, өзін «Атырау-Жарықтан» келіп тұрмын немесе көршімін деп таныстырып, біз көрмес үшін есіктің саңылауын қолымен жауып тұрады. Кейде есікті дүрсілдете соғып, тұтқасын тартқылап, бүкіл подъезді басына көтере: «Ашыңдар, полиция!» деп айқайлайды. Ұсақ-түйек мәселемен келсе де, ол өзін құдды біз қылмыскер секілді ұстайды. Учаскелік инспектордың осындай мінез-құлық көрсетуіне бола ма? Оның өкілеттігі неде? Менің учаскелік инспекторды пәтеріме кіргізбеуге құқығым бар ма? 15 мамыр 2014, 00:00 3 369 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Қолжетімді баспана» кімге қолжетімді? - Сатыбалдиев көшесіндегі №25 үй, Жарбосынов көшесінде орналасқан №83 В және №85 үйлер, Нұрсая ықшам ауданындағы №66 үй қашан пайдаланылуға беріледі? - Бұл тұрғын үйлер бүгінгі күні құрылысы аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды. Тұрғын үйлер толықтай Әділет Департаментіне тіркелгеннен кейін жас отбасыларын пәтерге қоныстандыруға болады. 15 мамыр 2014, 00:00 4 442 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарық береді - Сарықамыс-2, Жұлдыз-1, 2, 3 ықшам аудандарын, Химпоселкедегі Говоров, Балықшыдағы 8 Наурыз көшелерін жарықтандыру жұмыстары қай уақытқа жоспарланған? Дамбыға апаратын тас жолдың бойы да түнгі уақытта өте қараңғы, жол бойына жарық қашан жүргізіледі? 8 мамыр 2014, 00:00 2 192 рет қаралды
Сұрақ-жауап Асфальт төселеді - Өркен ықшам ауданындағы №38 көше қашан асфальтталады? - Жұмыскер-1 ықшам ауданындағы №156 үй орналасқан көшеге асфальт қашан төселеді? - Балықшыға іргелес жатқан Холодильник ауылына асфальт төсеу қашан жүзеге асады? 8 мамыр 2014, 00:00 2 847 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сенбілік ерікті түрде – Мен бюджет қызметкерімін. Жыл сайын қалада күзгі және көктемгі маусымда қаланы санитарлық тазарту жөнінде екі айлық жарияланады. Бұл жұмысқа көп жағдайда бюджеттік мекеме қызметкерлерін тартады. Неліктен мен, басқа әріптестерім секілді, демалуға бөлінген заңды уақытымды қоғамдық жұмыстарға жұмсауға мәжбүр боламын? Неліктен бұл жұмысқа шығу деп есептелмейді және еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес төленбейді? 24 сәуір 2014, 00:00 8 062 рет қаралды
Сұрақ-жауап Емханалардың өзара көмегі – №5 емханада рентген аппараты бұзылып қалып, пациенттерді №1 емханаға жіберуде. Ол жерде бізден 500 теңге төлемақы талап етіп отыр. Бұл процедураны кім төлеуі тиіс – емхана ма, әлде пациенттер ме? 24 сәуір 2014, 00:00 2 034 рет қаралды
Сұрақ-жауап Киімге қарап қарсы алып... – Құрманғазы ауданындағы поселкелердің бірінде тұратын танысым отбасына атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде поселкелік әкімдікке жүгінген. Бірақ оған тәуір киім киінгенін желеуретіп, бас тартқан. Оның күйеуі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп, 20 000 теңге, үш баласына 1 700 теңгеден жәрдемақы алады. Өз баспаналары жоқ. Оларға атаулы әлеуметтік көмек тиесілі ме? Адамның сыртқы түрі үшін көмек рәсімдеуден бас тарту заңды ма? Олар қайда хабарласа алады? 24 сәуір 2014, 00:00 3 672 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарулы ханым – Алты жыл бұрын өзімді қорғау мақсатында электрошокер сатып алдым. Жақында электрошокерді алып жүру үшін атылатын қару секілді рұқсат керек екенін білдім. Осы рас па? Бұл рұқсатты алудың қажеттілігі қандай? Менде электрошокердің ешқандай құжаттары сақталмаған болса, маған рұқсат бере ме? 10 сәуір 2014, 00:00 2 316 рет қаралды
Сұрақ-жауап Топтан шығара ма? - Менің кішкентай сәбиім дүниеге келгенде оған туабітті жұмсақ таңдай (врожденное мягкое нёбо) диагнозы қойылған болатын. 2010 жылы ота жасатқанға дейін балам мүгедек ретінде тіркелген болатын. Ал ота жасалған соң баланы мүгедектік топтан шығару керек дейді. Осы рас па? 10 сәуір 2014, 00:00 2 066 рет қаралды