Атырау, 27 желтоқсан 14:54
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Пластиктен алынатын ақша

1 991 просмотра

– Шетелге демалуға бармақпын. Өзіммен бірге қолма-қол ақшаны көбірек алғым келмей тұр, бірақ ақшаға мұқтаж болып қалғым да келмейді. Кез келген елде проблема болмас үшін өзіммен бірге қандай кәртішкені алған жөн?

Телефон арқылы

Сұраққа ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің экономист-жетекші маманы Асхат ЕРМЕКОВ жауап берді:

– Егер сіз шетелге демалуды жоспарласаңыз, онда халықаралық жүйедегі кәртішкені таңдағаныңыз жөн. Visa International, MasterCard Worldwide, American Express International секілді халықаралық кәртішкенің иелеріне кәртішкенің қандай банктен және қандай елде шығарылғанына қарамастан дүние жүзінің барлық нүктесінде дерлік қызмет көрсетіледі. Банктік шотты кез келген негізгі валютамен (теңге, ресейлік рубль, АҚШ доллары, еуро) ашуға болады. Ал, шекарадан өткен кезде ақша автоматты түрде барған еліңіздің валютасына конвертацияланады. Бұдан басқа, қаржыңыз жеткіліксіз болған жағдайда туыстарыңыз немесе таныстарыңыз қажетті соманы әр уақытта сіздің банктік шотыңызға аудара алады. Ал сіз кез келген уақытта және бөгде валютамен жақын маңдағы банкоматтан ала аласыз. Кейбір елдерде төлем кәртішкесі болған жағдайда ғана көрсетілетін белгілі бір қызмет түрлері бар екенін ескерген жөн. Мәселен, әуе жолы билеттерін броньдау, көлікті жалға беру. Төлем кәртішкесінің қауіпсіздігі үшін белгілі бір ережені сақтау қажет. Шетелде қаржысыз қалып қоймас үшін кәртішкеңіздің қолданыс мерзімін алдын ала тексеріңіз. Міндетті түрде телефон кітапшасына кез келген пластиктің келесі жағында жазылған банктің қолдау қызметінің нөмірін жазып алыңыз. Бұл егер кәртішкеңіз жоғалған немесе ұрланған жағдайда қажет болады. Тек бұл туралы банктің байланыс орталығына дереу хабарлау маңызды. Түрлі төлем жүйесіндегі екі кәртішкені ұстаған жөн. Мәселен, Visa International және MasterCard Worldwide. Бұл егер техникалық себептер бойынша белгілі төлем жүйесінің кәртішкесі бойынша операция жасау мүмкін болмағанда немесе сауда немесе сервис кәсіпорны төлемге тек бір төлем жүйесінің кәртішкесін қабылдайтын жағдайда сізді сақтандырады. Дегенмен де, тіпті сіз кәртішке арқылы кез келген жерде еш қиындықсыз есеп айырысуға болатын дамыған еуропалық елге баратын болсаңыз да, бәрібір өзіңізбен бірге белгілі бір мөлшерде қолма-қол ақша сомасын алу қажет. Төлем жүйесі тарапынан да, банк тарапынан да техникалық сипаттағы проблемалар туындауы мүмкін, нақты банкомат жұмыс істемей қалуы мүмкін және т.б. SMS-банкинг қызметін қолданған дұрыс, өйткені, оның көмегімен өз кәртішкеңіз бойынша бүкіл операцияларға дереу бақылау жасай аласыз. Роуминг болған жағдайда SMS-банкингтің бүкіл опциялары Қазақстаннан тысқары жерлерде де сізге қолжетімді болады. Екінші деңгейлі әрбір банкте төлем кәртішкелерін қолдану кезінде рұқсат етілмеген (алаяқтық) транзакциялар қаупіне бейім елдер тізімі бар. Сондықтан жекелеген елдерге барар алдында төлем кәртішкесін ұстаушыға банк-эмитентке жүгініп, сол елде төлем кәртішкелерін қолданудағы ықтимал шектеулер туралы ақпарат алу қажет.

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.