Атырау, 27 желтоқсан 14:54
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сақтандыру медицинасы

2 208 просмотра

– Жеке стоматологиялық емханалардың бірінде ауру тісімнің орнына сау тісімді жұлып тастады. Менің наразылығыма дәрігер қайда шағымдансаң да өзің біл деді, ал емхана меңгерушісі менен қашқақтап жүр. Өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгінуге болады?

2015 жылдың 1 қаңтарына дейін, мораторийге байланысты біз шағын және орта бизнес субъектілеріне, соның ішінде ана мен бала өліміне байланысты тексеру жүргізе алмаймыз. Тіпті прокуратура да іс ашпайды, - деп мәлімдеді Атырау облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті департаментінің бас маманы Светлана ЖҮНІСОВА.

– Тіпті негізі бар шағымдар болған жағдайда бұл мүмкін бе?

Бізге жаңа жылдан кейін шағымдансын.

Бұлай болуы мүмкін емес, комитет қызметкерлері шағымды қабылдауға міндетті. Мүмкін әңгіме қылмыстық жауапкершілік туралы болып отырған шығар, - деді қалалық прокуратура өкілі Аслан НҰРҒАЛИЕВ. – Тіпті болмаса, ол азамат бізге, прокуратураға шағымдана алады, біз оны комитетке жолдаймыз.

Біз сондай-ақ, Атырау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің (бұрынғы облСЭС) басшылығынан комментарий алуды ұйғарған едік. Департамент бастығының орынбасары Ерболат УАИСОВТЫҢ айтуынша, департаментке тұтынушылар құқығын қорғау функциясын бергеніне қарамастан, заңнама актілеріне тиісті өзгерістер әлі енгізілмеген. Сондықтан әзірге өз құқығын сотта қорғауға кеңес беруден басқа, департамент еш көмектесе алмайды.

25 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.