Атырау, 24 желтоқсан 22:58
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оқиға

Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 16 қаңтарға қараған түні ол Досмұхамедов көшесіндегі өз үйінің асүйінен бейтаныс адамды көреді. Ол адам сынған терезе арқылы секіріп, қашып кеткен. Ұрының ғимаратқа асүй терезесін сындырып кіргені анықталды. Полиция арсызды ұстады. Ол Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу жүргізілуде. 19 қаңтар 2017, 00:00 3 621 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Өткен жылдың соңғы күнінде сағат 21.30-да Атырау тұрғыны М. жаңа жылды бірге тойлау үшін өзінің ескі танысына келеді. Бірақ мереке қайғылы аяқталады: отырыс барысында ер адамдар керісіп, қонағы қожайынды аяусыз соққыға жығады. Алынған зақым салдарынан үйдің иесі көз жұмды. №2 қалалық соты күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді. 12 қаңтар 2017, 00:00 2 789 рет қаралды
​Индерлік жүкті әйел неден көз жұмды? Оқиға

​Индерлік жүкті әйел неден көз жұмды?

9 қаңтарда арнайы комиссия Индер ауданындағы 32 жастағы босанушы әйелдің өлу себебін анықтау жұмыстарын бастады. Туыстары облыстық перинаталдық орталықтың медиктерін оны қабылдамады, содан кейін қалалық перзентханаға апарған соң сол жерде оның жатыры жыртылып, көз жұмды деп айыптайды. 11 қаңтар 2017, 12:01 9 795 рет қаралды
​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда Оқиға

​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда

9 қаңтарда Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы басшылық еткен арнайы комиссия Индер ауданына барып, 32 жастағы босанушы әйел мен оның сәбиінің өлу себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. 10 қаңтар 2017, 10:59 4 480 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Желтоқсанның 24-іне қараған түні Өркен ықшамауданында жол полицейлері шамдары жағулы келе жатқан «Лада» көлігін ұстады. 37 жастағы жүргізуші ішімдіктен масайған күйде екен. Ол 2014 жылы 5 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. 29 желтоқсан 2016, 00:00 2 767 рет қаралды
​Оқиғалар тізбегі Оқиға

​Оқиғалар тізбегі

Полицияға «Стройконтора-дағы» мейрамханалардың бірінің әкімшісі шағымданды. 16 желтоқсанға қараған түрі келушілердің бірі мас күйде мейрамханаға тиесілі құны 195 мың теңге тұратын ноутбукты сындырған.Ганюшкин мен Алға ауылдарының арасындағы жолда «Хёндай Элантра» көлігінің 35 жастағы жүргізушісі көпір қоршауына соқтығысқан. 22 желтоқсан 2016, 00:00 2 899 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Геолог поселкесінде 20 қазанда ВАЗ-2110 және «Тойота Камри» көліктері соқтығысты. «Лада» жүргізушісі мас күйде болған, оның үстіне, бұрын ол осындай заң бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Жол-көлік апатының салдарынан зақым алған ол облыстық ауруханаға жатқызылды. 3 қараша 2016, 00:00 2 841 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Индер аудандық соты биылғы жылдың тамызында Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған жергілікті тұрғын Е.Б.-ға үкім шығарды. Ұстау кезінде одан 5, 61 грамм наша салынған газет орамасы тәркіленген. Сотта Е.Б. өзінің кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Оған 212 100 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 27 қазан 2016, 00:00 1 944 рет қаралды
Лауазым мен жер үшін пара алған Оқиға

Лауазым мен жер үшін пара алған

Атырауда әлденеше рет жалпы сомасы 800 000 теңгеден астам пара алғаны үшін облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Т.К. ұсталды, - деп хабарланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының сайтында. 24 қазан 2016, 15:27 3 453 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Отыз жастағы қала тұрғыны полицияға 25 тамыз күні таңертең Геолог поселкесіндегі дүкен жанында белгісіз әйел оның қызының құлағынан алтын сырғаларын шешіп алып, жасырынғанын хабарлады. Күдіктінің бет-бейнесі анықталды, ол Батыс Қазақстан облысының 20 жастағы әйелі екен. Оған іздеу жарияланды. 1 қыркүйек 2016, 00:00 2 855 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Тамыздың 12-не қараған түні жол-патруль полицей қызметкерлері Сарыөзек маңындағы ветеринарлық бақылау қосынынан қала маңындағы Бірлік поселкесінің 24 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Дэу-Нексия» көлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан жаңа ауланған 40 келі бекіре еті табылды. Тыйым салынған жүк жүргізушінің 39 жастағы ауылдасына тиесілі екен. 18 тамыз 2016, 00:00 1 694 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырауда «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтті. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бір апта ішінде азаматтық және қызметтік қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 484-бабы) 87 адам, оны тіркеу (қайта тіркеу) ережесін немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 486-бабы) 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды 4 тамыз 2016, 00:00 2 573 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Сәуірдің аяғында қала маңындағы Ақжар поселкесінің 35 жастағы тұрғынының үйінің жанында тұрған КАМАЗ-дың екі аккумуляторын ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Атыраудың 20 жастағы тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Заттай айғақтар алынды. 19 мамыр 2016, 00:00 2 588 рет қаралды
Экс-полицейдің ісі: айыптаушының сөзі мен бейнематериалдар Оқиға

Экс-полицейдің ісі: айыптаушының сөзі мен бейнематериалдар

19 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Дмитрий КИМДІ өлтірді деп айыпталған экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ қылмыстық ісін қарау жалғасты. 20 сәуір 2016, 14:40 4 592 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға 37 жастағы қала тұрғыны 5-7 сәуір аралығында белгісіз біреулер Канцев көшесінің бойында орналасқан көлікжайының қақпасын сындырып, бос екі канистра мен бейнепроекторды ұрлап кеткендігіне шағымданды. Ұрлық жасады деген күдікпен Атырау қаласының 25 және 27 жастағы тұрғындары ұсталды. Тергеу жүргізілуде. 14 сәуір 2016, 00:00 1 591 рет қаралды
Экс-полицейдің ісі: Сақтандырылған қарақшылық Оқиға

Экс-полицейдің ісі: Сақтандырылған қарақшылық

4 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 27 жастағы Дмитрий КИМДІ өлтірді деп айыпталған экс полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ ісі бойынша процесс жалғасты («Экс-полицейдің ісі: Бірінші отырыс»). Сурет 5 сәуір 2016, 11:16 5 224 рет қаралды
​Оқиғалар тізбегі Оқиға

​Оқиғалар тізбегі

«Контрафакт» операциясының барысында «Дина» базарынан 27 жастағы Привокзальный тұрғыны ұсталды.Приморье селосына жақын Ганюшкин-Байда тас жолында Құрманғазы АІІБ полицейлері екі тонна қара балық тиеген бортты «Газель» көлігін тоқтатты. 3 наурыз 2016, 00:00 2 895 рет қаралды
​Қылмыстар хроникасы Оқиға

​Қылмыстар хроникасы

Ақпанның 3-інде Әуезов көшесінің бойындағы көлікжайдан төрт жазғы көлік доңғалағының тысын ұрлады деген күдікпен СМП-163 ықшамауданында тұратын 25 жастағы ер адам ұсталды.Полицияға 20 жастағы қала тұрғыны шағымданды. 17 ақпанда Сарыарқа ықшамауданында белгісіз біреу өзіне тиесілі «Тойота» көлігін теуіп, есігін бүлдірген. 25 ақпан 2016, 00:00 3 175 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полиция 29 қыркүйекте қалалық Құспан молда мешітінде ұрлық жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады. Біріншіде ол мешітке келген жамағаттардың бірінің 27 мың теңгесі мен құжаттарын ұрласа, екіншіде бос сөмкені олжа қылған. 7 қазан 2015, 14:25 3 223 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға өзінің 32 жастағы қарындасынан зардап шеккен 39 жастағы қала тұрғыны шағымданды: әйел оның рұқсатынсыз ұялы байланыс нөмірін өз атына ресімдеген. Өзбекстан тұрғыны Авангардтан бір тәулікке пәтер жалдайды. Бір тәулік өткен соң ол пәтерді босатып, өзімен бірге микротолқынды пешті ала кетеді. 20 тамыз 2015, 00:00 2 687 рет қаралды