Атырау, 7 мамыр 02:48
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Оқиғалар тізбегі

2 708 просмотра

Image 0Полицияға «Стройконтора-дағы» мейрамханалардың бірінің әкімшісі шағымданды. 16 желтоқсанға қараған түрі келушілердің бірі мас күйде мейрамханаға тиесілі құны 195 мың теңге тұратын ноутбукты сындырған. Тергеу жүргізілуде.

***

Желтоқсанның 17-сінде таңертең Құрманғазы ауданының Байда ауылында 41 жастағы Ресей азаматы валюта айырбастау кезінде жергілікті тұрғынға жалпы номиналы 15 мың рубль болатын бірнеше жалған банкнотты сатқан.

***

Желтоқсанның 18-іне қараған түні Әбілқайыр хан мен Меденов көшелерінің қиылысында жергілікті полиция қызметкерлері «Лада» көлігін ұстаған. Оның жүргізушісі мас болған және жүргізуші куәлігі болмаған. 2013 жылы оның куәлігінен айырылғаны және жақын арада оған куәлігі қайтарылуы тиіс екені анықталды.

***

Ганюшкин мен Алға ауылдарының арасындағы жолда «Хёндай Элантра» көлігінің 35 жастағы жүргізушісі көпір қоршауына соқтығысқан. Түрлі жарақаттармен жүргізуші мен оның 40 жастағы жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды.

***

Криминалдық полиция қызметкерлері 30 қарашада Самал ықшамауданындағы жеке үйден фотоаппарат пен зергерлік бұйымдар жиынтығын ұрлады деген күдікпен 18-ден 22 жасқа дейінгі Химпоселке мен Геолог ауылдарының үш тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға сауда орталықтарының бірінің сатушысы шағымданды: қарашада 30 жастағы Привокзальный тұрғынымын деп таныстырған әйел одан ақшасын кейінірек төлеуге уәде беріп, балалар киімін алып, ақыры төлемеген. Күдіктіге іздеу жарияланды. Ол әйелге осындай әдіспен әйелдер іш киімін алған тағы екі эпизод бойынша айып тағылуда.

***

Қалалық №2 полиция бөлімінің (Алмагүл) қызметкерлері Геолог пен Бірінші учаскедегі үйлердің жанында тұрған КамАЗ көліктерінен аккумуляторлар ұрлады деп күдіктелген 30 жастағы Сарыөзек тұрғынын ұстады. Ұрлық 25 тамызда және 9 қарашада жасалды. Тергеу жүргізілуде.

***

Индер аудандық полициясы ауылдасының арбасы мен электр қайрағын ұрлады деп күдіктелген Бөдененің 43 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Желтоқсанның 19-да Махамбет көшесінің бойындағы кафеде «көңіл көтерген» 25 жастағы үш келуші сол жерде ыдыс-аяқты сындырған. Бұзақыларды «Батыс-5» полицей патрулі ұстады.

22 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.