Атырау, 18 мамыр 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Теміртаулық алаяқ әйел шартты түрде үш жыл алды

2 342 просмотра

Image 0Күдіктілер ҚІІБ криминалдық полиция бастығының бірінші орынбасарының кабинетінде отыр.Онкологиялық аурумен сырқаттанған науқасты алдап, 2 млн теңгесін жымқырған теміртаулық бақсыға қатысты Атырау қалалық №2 соты үкім шығарды.

Емшінің әдістері туралы біз бұрын жазған едік («Емшілер, шіріген жұмыртқа және жалған 2 миллион туралы» мақаласын оқыңыз). Қысқаша естеріңізге салайын. Газетке жарияланған «рухани емдеу» туралы хабарландыру бойынша зардап шегуші алаяққа келеді. «Емші» науқастың басына салынған дуаны тек 333 мың теңге берсе ғана шығаратынын мәлімдейді. Емдеу рәсімі жүріп жатқан кезде аңқау әйел Израильге емделуге баруға дайындалып жүрген онкологиялық аурумен ауыратын інісі туралы айтады. Рәсімнен кейін оған барлық ақшасын қайтарып, емші мен оның сыбайласының ақниеттілігіне әбден сендірген. Ол бұл емшілерге інісін әкелуге шешім қабылдайды, алайда «емдеу» ақысы енді 2,3 млн теңгені құрайды. Ем жасаймыз деп байғұсты ұйықтатады, алайда ұйқыдан жалғыз, жалған ақшаны қолына ұстап оянады.

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық істі қарау барысында сотталушы мен оның қорғаушысы Атырау қаласы прокурорымен процессуалдық келісім жасауға ерік білдірген. Сот оны ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыс жасаған деп танып, оған 3 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

25 тамыз 2015, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.