Атырау, 27 сәуір 16:54
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Оқиғалар тізбегі

2 398 просмотра

Атырауда «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтті. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бір апта ішінде азаматтық және қызметтік қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 484-бабы) 87 адам, оны тіркеу (қайта тіркеу) ережесін немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 486-бабы) 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 21 шілдеде интернет сайттардың бірін тексеру кезінде криминалдық полиция қызметкерлері электрошокердің сатылатындығы туралы хабарламаны тапты. 1996 жылы туылған азаматтың оған тиесілі құжаттарсыз оны саттыққа шығарғандығы анықталды. Жауап алу кезінде ол қаруды интернет арқылы сатып алғанын түсіндірді.

* * *

Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының 52 жастағы тұрғыны шағымданды. Оның досы, 47 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны оның ұялы телефоны мен ақшасын ұрлап алған. Жалпы зиян – 50 мың теңге. Күдіктіге іздеу жарияланды.

* * *

Жайсаң станциясында желілік полиция бөліміне 47 жастағы Атырау тұрғыны шағымданды: «Астана-Орал» жолаушылар пойызында жолсеріктің купесінде қуат көзіне қосулы тұрған Nokia және Samsung екі телефоны ұрланып кеткен. Ақтөбе станциясында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы Орал тұрғынын ұстады. Заттай айғақтар алынды.

* * *

Шілденің 28-іне қараған түні кешкісін Әлиев пен Нысанбаев көшелерінің қиылысында 35 жастағы Авангард тұрғыны 67 жастағы зейнеткердің сөмкесі мен ұялы телефонын тартып алмақ болған. Тонаушыны полицейлер ұстап алды. Наркологиялық диспансерде оның орташа дәрежеде алкологольдік масаң күйде болғаны анықталды. Тергеу жүргізілуде.

* * *

Шілденің 31-іне қараған түні 23 жастағы қала тұрғыны айналма көпірден секірмек болған. Оған жанынан өтіп бара жатқан жергілікті полицей қызметінің экипажы кедергі келтірген. Қыз ҚІІБ-не жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізілді. Оның отбасындағы ұрыс-керістен соң өзіне қол жұмсауды ұйғарғаны анықталды.

* * *

Тамыздың 3-де кешкісін ТЖД кезекшісінің пультіне Құрманғазы ауданының Асан ауылынан 15 шақырым қашықтықтағы Жарас жайылымында 11 жасар баланың аттан құлап, алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түскен.

* * *

Полицияға 28 жастағы Нұрсая ықшамауданының тұрғыны шағымданды: 31 шілдеге қараған түні белгісіз біреулер оның «Лада» ВАЗ-2115 көлігінің есігін ашып, ұрлап айдап кеткен. Көлік таңертең «Мерей» базарының қасынан табылды.

* * *

Тамыздың 1-де сағат 20.00-де Жарбосынов көшесінің бойында 39 жастағы әйел «Тойота Камри» көлігін жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, 7 жасар баланы қағып кеткен. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

* * *

Тамыздың 2-де таңертең Доссор-Атырау автотрассасының 70-ші шақырымында жол-патруль қызметінің қызметкерлері 25 жастағы Шымкент тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Дэу-Нексия» көлігін тоқтатады. Сараптама көрсеткендей, ол алкогольден масайған күйде болған. Жүргізушінің осындай заң бұзушылық үшін үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.

4 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.