Атырау, 4 мамыр 13:25
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жасөспірімдер көліктерді алаңсыз тонаған

Бейнежазба
2 237 просмотра


Полиция күндізгі уақытта «Арын» базарының алдындағы көліктер салонынан алаңсыз ұрлық жасауды кәсіп еткен екі жасөспірімді ұстады.

Фейсбукте 17 қазанда жарияланған бейнероликтерден жасөспірімдердің бірінің жаңадан тоналған көлік салонынан қымсынбай шыққандығы айқын көрінеді. Содан кейін сыбайласы екеуі тұрақта тұрған бүкіл көлікті аралап, тұтқаларын жұлқып тартады...

Сол күні, ІІД баспасөз тобының жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ мәліметі бойынша, олар 3 көлікті тонап үлгерген. Флешка, модулятор, бірер ұялы телефон және бір телефон қабын олжалаған. Әдепсіз ұрылар сол күні ұсталған:

- Жол-патруль қызметінің қызметкерлері із суытпай бірқатар ұрлықтар жасады деп күдіктелген 2002 және 2003 жылғы екі жасөспірімді ұстады. Материал ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Ұсталушылардың жасын білгеннен кейін екі зардап шегуші бірден арыз жазудан бас тартты. Дегенмен де, зардап шегушілер арасында принципшіл бір әйел табылды.

Күдіктілер 13 және 14 жаста болғандықтан оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылатын болады. Әрі қарай олармен кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекция айналысып, оларды полицияның есебіне қояды. Ал жинақталған материалды кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ювеналдық сотқа жолдайды. Бұл сот олардың әрі қарайғы тағдырларын шешеді.

Егер сіз жасалып жатқан қылмысқа куәгер болсаңыз, облыстық ІІД ұялы телефон арқылы 102 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді. Полицейлердің мойындауынша, мұндай құқықбұзушылықтарды із суытпай ашу анағұрлым жеңіл екен.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 қазан 2016, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.