Атырау, 20 мамыр 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Көліктер тоналған түн

1 716 просмотра

24 қыркүйекке қараған түні Атырауда ұрылар бірден алты автокөлікті тонады.

Қаскүнемдер өз ойларын Махамбет, Канцев, Абай және Датов көшелерінің аумағында жүзеге асырған. «Ниссан-Кашкай», «Мицубиси-Паджеро», «Лексус», «Киа», «Тойота-Камри», «Лада-Гранта» автокөліктерінің терезелерін сындырып, құнды заттарды алып кеткен. Екі жағдайда қылмыскерлер қымбат планшеттерді қолды қылса, тағы екі шетел көлігінен ұмыт қалдырылған әйел сөмкелерін, тағы бір көлікте ер адамның күртесін, алтыншы көлікте 50 мың теңге ақшаны ұрлап үлгерген.

Кезекші тәулікте жедел топ қызметкерлері қылмыстардың барлығын ашты. Күдіктілер – Атырау қаласының 24 және 22 жастағы тұрғындары – уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
29 қыркүйек 2015, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.