Атырау, 4 мамыр 17:34
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Оқиғалар тізбегі

1 817 просмотра

Индер аудандық соты биылғы жылдың тамызында Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған жергілікті тұрғын Е.Б.-ға үкім шығарды. Ұстау кезінде одан 5, 61 грамм наша салынған газет орамасы тәркіленген. Сотта Е.Б. өзінің кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Оған 212 100 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

***

Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі сотта «әкелік туралы іс» қаралды. Ер адам мен әйел он жыл азаматтық некеде тұрған соң қыздары дүниеге келген. Алайда, 63 жастағы әкесі осыдан кейін кешікпей бұрынғы отбасына оралып, өзінің қыздың әкесі екенін мойындамаған. Дау медиация тәртібімен реттелді – тараптар келісім жасап, ол қыздың әкесі екенін мойындап, отбасына материалдық тұрғыда көмектесіп тұратын болды. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

***

ҚР ҰҚК шекаралық қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жағалау күзеті өңірлік басқармасының «Құрманғазы авто» өткізу пунктінің жасағы «Газель» арқылы Ресейден Қазақстанға акциздік маркасы жоқ 2000 бөтелке арақ алып өтпек болған 41 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Ұстау фактісі туралы Атырау облыстық құқыққорғау органдарына хабардар етілді.

***

№2 Атырау қалалық соты бұрын өзімен бірге тұрған ер адамды пышақпен жарақаттаған мейрамхана аспазына қатысты үкім шығарды. Сотта ер адам үйге келгенде әйелдің өзге ер адаммен бірге ішімдік ішіп отырғанын көргендігі белгілі болды. Жанжал кезінде әйел оның ішіне пышақ салған. Сот оның кәмелетке толмаған жас балалары барын ескеріп, оған үш жылға шектеу жазасын тағайындады.

***

Мақат ауданында бастауыш сыныптың мұғалімі ұялы телефонды ұрлап алды. Оқиға азық-түлік дүкенінде болған. Сатып алушы кассаға төлем төлеп тұрып, абайсызда ұялы телефонын қалдырып кеткен. Осы сәтті пайдаланған әйел телефонды өзімен бірге алып кетеді. Бірақ, ол көп ұзамай ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-тармағымен («Ұрлық») қылмыстық іс қозғалды. Мақат ауданының прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИННІҢ хабарлауынша, сотта екі тараптың татуласуына және келтірілген зиян көлемін толтыруына байланысты бұл әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

***

Мақат ауданының тұрғыны азық-түлік дүкенінен құны 3000 теңгеге бағаланған үш қарбыз ұрлаған. Ол бір сәтін тауып қарбыздарды шөп арасына жасырып, кейін оларды үйіне алып кеткен. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-тармағымен («Ұсақ бұзақылық») қылмыстық іс қозғалды. Мақат ауданы прокуратурасының прокуроры Әділет НҰРБАЕВТЫҢ айтуынша, сотта тараптардың келісуіне байланысты тұрғын келтірілген зиян көлемін толтырып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

27 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.