Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оқиғалар тізбегі

2 677 рет қаралды

Image 0

Полицияға өзінің 32 жастағы қарындасынан зардап шеккен 39 жастағы қала тұрғыны шағымданды: әйел оның рұқсатынсыз ұялы байланыс нөмірін өз атына ресімдеген. Тергеу жүргізілуде.

***

Өзбекстан тұрғыны Авангардтан бір тәулікке пәтер жалдайды. Бір тәулік өткен соң ол пәтерді босатып, өзімен бірге микротолқынды пешті ала кетеді. 44 жастағы жалға берушінің полицияға жүгінгеннен басқа амалы қалмайды.

***

«Контрафакт» операциясының барысында полицейлер «Насиха» базарынан лицензияланбаған тоғыз DVD-дискіні тапты. 25 жастағы сатушы оларды 200 теңгеден сатқан.

***

ҚІІБ қызметкерлері түнде Датов көшесіндегі азық-түлік дүкеніне басып кіру әрекетін құрықтады. Ол Атырау қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты, ол қазіргі уақытта басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Хамит Ерғалиев ауылындағы дүкендердің бірінен «актив» кәртішкелері мен 25 мың теңге ұрланды. Күдікті, 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

20 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.