Атырау, 23 сәуір 11:42
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қылмыстар хроникасы

2 452 просмотра

Атырау ықшамауданы тұрғыны полицияға 24 тамызда шамамен түн ортасында белгісіз біреу үйінің пластик терезесін сындырғанын хабарлады. Бұзақы ұсталды, ол көршілес үйде уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматы екен. Тергеу жүріп жатыр.

***

Қала іргесіндегі Жаңаталап ауылының тұрғыны полицияға тамызда 25 жастағы Атырау тұрғыны одан ақшасын бөліп төлеймін деп «Приора» автокөлігін сатып алғанын және тиісті ақша сомасын мерзімінде төлемегеніне шағымданды. Тергеу жүргізілуде.

***

Отыз жастағы қала тұрғыны полицияға 25 тамыз күні таңертең Геолог поселкесіндегі дүкен жанында белгісіз әйел оның қызының құлағынан алтын сырғаларын шешіп алып, жасырынғанын хабарлады. Күдіктінің бет-бейнесі анықталды, ол Батыс Қазақстан облысының 20 жастағы әйелі екен. Оған іздеу жарияланды.

***

Криминалдық полиция Әуезов көшесіндегі кафеде келушілердің бірінің сөмкесінен 98 мың теңге ұрлап алған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.

***

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері қала іргесіндегі Еркінқала ауылы аумағынан Жайық өзенінде жүрген «Меркурий-40» аспалы моторы бар «Казанка 5М3» қайығында отырған екі жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында қайықтан 4 келі бекіре тұқымдас балық пен 51 келі қара балық табылды. Осы факт бойынша материалдар су полициясына жолданды.

1 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.