Атырау, 3 мамыр 02:11
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Артқы бөлмедегі ойынхана

1 801 просмотра

Атырауда астыртын ойын кеңсесін ұйымдастырған жергілікті тұрғынға үкім шығарылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат А.Б. қажетті жабдықтарды алып, Алмагүл ықшамауданындағы үйлердің бірінің цоколінде орналасқан дүкеннің бөлек бөлмесін жалға алған. Сол жерде жүйелік блок, термопринтер, сканер мен теледидар орнатып, еш рұқсат құжаттарынсыз "шағын ойынхана" ашқан. Бұл жерге клиенттер ойын сайттарына кіріп, бәс тігетін болған.

А. Б. ҚР ҚК-нің 307-бабында ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") қарастырылған қылмысты жасады деп танылды. Сотталушының мойындау жауабы мен өкініш білдіргенін, сондай-ақ, отбасы мен оның асырауындағы тұлғалардың жағдайын ескеріп, сот оған мүлкін тәркілеумен бірге бір жыл бас бостандығын шектеу түрінде жазалау шарасын тағайындады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 наурыз 2016, 20:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.