Атырау, 20 мамыр 05:27
 ашықВ Атырау +21
$ 510.78
€ 576.06
₽ 6.35

Оқиғалар тізбегі

2 680 просмотра

Жол-патрульдік қызмет қызметкерлері 4 қарашада мас күйінде «Лада-Гранта» автокөлігін жүргізген 29 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады. Осы жылдың наурыз айында ол осындай бұзушылық жасап, жүргізуші құқығынан айырылған екен.

***

Полицияға Жұмыскердің 40 жастағы тұрғынының басбұзарлық әрекеттерінен зардап шеккен Ширина ауылының екі тұрғын әйелінен арыз түсті. Күдікті бір әйелдің қақпасын сындырып, екіншісіне қол жұмсаған. Тергеу жүріп жатыр.

***

Балықшы кентінің 40 жастағы тұрғын әйелі полицияға хабарласты: 5 қарашаға қараған түні оның бұрынғы күйеуі пәтеріне емін-еркін кіріп, ұялы телефон мен 30 мың теңге ақша ұрлап кеткен. Тергеу жүріп жатыр.

***

Еркінов көшесі бойындағы супермаркеттің күзетшісі «Мерси» шоколадын қолтығына салып, алып шықпақшы болған жас жігітті тоқтатты. Оның бұрын да осындай қылмыс жасауға қатысы тексеріліп жатыр.

***

Полицияға 35 жастағы қаланың тұрғын әйелі хабарласты: оның айтуынша, дос қызы көп уақыт бойы үйінен ақша ұрлап келген. Бүгінде шығын сомасы 400 мың теңгені құраған. Тергеу жүріп жатыр.

***

Атырау қаласының криминалдық полициясы сауда үйлері мен қымбат бутиктерге келуші әйелдердің қалтасынан ақша ұрлаумен айналысқан Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғын әйелін ұстады. Әзірге оған екі қылмыстық эпизод таңып отыр: 10 мың және 15 мың теңге. Оның қолына зардап шегушілердің жеке құжаттары түскенде, оларды қоқыс салғышқа лақтырған. Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды.

***

Жылыой аудандық прокуратурасы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғады: ол 2014 жылы бір танысын жұмысқа кіргіземін деп уәде беріп, 450 мың теңге ақша алған. Берген уәдесін орындамай, тек 100 мыңды қайтарған. Сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.

***

Жылыой ауданының тұрғыны бөгде біреудің автокөлігін рұқсатсыз айдап кетіп, ЖКО жасаған. Осылайша ол көлік иесіне 1 млн 500 мың теңге шығын келтірген. ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-тармағы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

***

2015 жылдың қазанында М. есімді жігіт мас күйінде бір үйде бірге тұрып жатқан қайын енесін балағаттаған. Қайын енесі күйеу баласын сотқа берді. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, алкогольдік ішімдіктерден бас тартуға, отбасы тыныштығын бұзбауға міндеттелді, ал әйел адам өз арызынан бас тартты. Нәтижесінде қос тарап арадағы дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келді. Ал, Исатай аудандық соты бұл келісімді бекітті.

12 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.