Атырау, 6 мамыр 21:17
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Алаяқтар газ қадағалаушылардың атын жамылып жүр

2 207 просмотра

Атырауда монополист кәсіпорын мен ТЖ департаментінің қызметкерлерінің кейпін киген алаяқтар жүр.

Өткен аптада өздерін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жаңа ашылған бөлімінің қызметкерлеріміз деп таныстырған олар мейрамханалардың біріне барып, қожайын әйелден 18 мың теңге талап еткен. Тағы бір жағдайда шағын кафені жалға алушылардан өздерін ТЖ қызметкерлеріміз деп таныстырып, тоғыз мың теңге сұраған.

Жұмыс уақытында менің кеңсеме екі адам келіп, өздерін «ҚазТранГаз Аймақтың» сору жүйесі мен газ жабдығын қадағалау жөніндегі жаңа бөлімнің қызметкерлеріміз деп таныстырды. Өрттің жиілеп кетуіне байланысты олар жабдықтарға тексеру жүргізіп жүр екен-мыс, - деп әңгімелейді мейрамхана қожайыны. - Әдетте бізді ай сайын «ҚазТрансГаз Аймақтың» басқа бөлімі тексереді. Олармен келісімшартымыз бар, бүкіл тексеру қорытындылары мен төлем туралы түбіртектер бар. Сорып шығару жабдығын тексергеннен кейін «жалған газшілер» 18 мың теңге сұраған – олардың бір жылғы қызметтерінің төлемі осындай екен-мыс. Олар ақшаны сол жерде, қолма-қол ақшамен төлеуді талап етті. Бұған мен сақтықпен қарадым. Өйткені әдетте біз бүкіл қызмет төлемін аудару арқылы немесе газшілердің ресми кассасына төлеп тұрамыз. Мен оларда біздің реквизиттарымыздың бар екенін, олардың бізге есепшот әкеле алатынын айттым. Олар өздерінде жаңа бөлім ашылғанын, сондықтан біздің реквизиттеріміздің жоқ екенін айта бастады. Бұдан басқа, бұл адамдар газ шаруашылығы үшін кім жауапты екенін, біздің жабдығымыз үшін ешқандай құжаттар сұрамады. Оларда жабдықты тексеру үшін арнайы аспаптар болмады. Бір сөзбен айтқанда, мен олардың қызметін төлемедім.

Мұның бәрі өте күмәнді көрінеді. Әйел газшілерге қоңырау шалып, оларда мұндай атаудағы бөлім ашылмағанын және ондай фамилиясы бар адамның жұмыс жасамайтынын анықтаған. Олардың алаяқ екенін түсініп, қайта оралмас деп ұйғарады. Үш күннен кейін олар қайтадан келіп, өз қызметтерін төлеуді талап еткенде, ол қатты таң қалған. Сол кезде кәсіпкер олардың куәліктерін қайта көрсетуді сұрайды. Оны мұқият қарап шығып, құжатта монополист фирманың атауына ұқсас басқа атаудың жазылғанын көреді. Әшкере етеміз деген қоқан-лоққыға қорықпаған алаяқтар «тамақ ішу керектігін», өз ЖШС-лерінің қызметін ілгері бастыру керектігін мәлімдеген. Тағы бірнеше күннен кейін олар шағын кафеге барып, өздерін ТЖ қызметкерлеріміз деп таныстырған. Жабдықты тексеріп шығып, 9 мың теңге сұрапты. Олар да төлемеген.

Кәсіпкерлер бізге басқа бизнес өкілдеріне ескерту үшін хабарласты. Баршасына сақ болып, келушілердің құжаттарын мұқият тексеріп, егер күмән туса, тікелей монополисттерге, сондай-ақ, біздің палатаға хабарласу керектігін өтінеміз, - дейді кәсіпкерлердің өңірлік палатасының баспасөз қызметінің өкілі Әсел ТҰЯҚБАЕВА.

Мұндай «олжалағыш» әуесқойлардың ТЖ-ға, ҚазТранГаз Аймаққа еш қатысы жоқ екендігі түсінікті. Әдетте абоненттердің егжей-тегжейіне бармай, монополистпен және мемлекеттік органдармен дауласып жатпайтынын пайдаланады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 желтоқсан 2015, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.