Атырау, 10 мамыр 16:32
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Оқиғалар тізбегі

2 690 просмотра

Image 0

Құрманғазы АІІБ қызметкерлері Ганюшкино ауылынан 5 грамм марихуанамен 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Ақпанның 5-іне қараған түні Қарымсақов көшесінің бойындағы мейрамханада үстел үстінен ішінде жеке бас куәлігі, ұялы телефоны және банктік кәртішкесі бар қыздың сөмкесі қолды болды. Зиян мөлшері 120 мың теңгені құрады. Полиция «із суытпай» Бірлік ауылының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізілуде.

***

Ақпанның 5-іне қараған түні полицияға 35 жастағы Привокзальный тұрғыны ауладан өзіне тиесілі «Нива-Шевроле» көлігінің ұрланып кеткендігіне шағымданды. Көлік Водозаборный көшесінен табылды. Көлік ұрлады деген күдікпен Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Привокзальныйдың 15 жастағы тұрғыны 29 қаңтарда Еркінқала ауылындағы жеке үйдің пластик терезесін сындырып, ішке кіріп, зергерлік бұйымдар, 20 мың теңге және 500 ресей рублін ұрлады деп күдіктелуде. Тергеу жүргізілуде.

***

Ақпанның 7-іне қараған түні 25 жастағы әйел 30 жастағы ер адамның өзін тонап кеткендігін полицияға хабарлады. Ұрланған әмиянның ішінде айфон, қолсағат, 15 мың теңге және жеке бас куәлігі болған. Жалпы зиян 230 мың теңгеге бағаланды. Күдікті ұсталды.

***

«Дина» базарындағы сатушы әйел полицияға 6 ақпанда белгісіз ер адамның оның бутигінен 250 мың теңгелік киім-кешек бұйымдарын ұрлап кеткендігіне шағымданды. Күдікті – 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол ұрланған тауарды сатып үлгерген екен. Полиция ол сатқан заттарды тәркіледі. Күдіктінің өзіне іздеу жарияланды.

11 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.