Атырау, 8 қазан 10:28
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Оқиғалар тізбегі

2 949 просмотра

Полицияға Көктем ықшамауданының 30 жастағы тұрғын әйелі хабарласты: 23 қазанда ескі базардағы кафеде оны 24 жастағы ер адам бейәдеп сөздермен балағаттаған. Бұзақыға іздеу жарияланды.

***

39 жастағы әйел полицияға хабарласып, Астана қаласындағы ЖШС-тердің бірінің 29 жастағы директоры сеніміне кіріп, жеңілдетілген несие алып беремін деп уәде етіп, 75 мың теңге ақшасын алып кеткенін айтты. Күдікті Астана тергеу изоляторында отыр.

***

Баймұханов көшесінің тұрғыны полицияға туған сіңлісі оның үйінен 54 мың теңге тұратын алтын алқаны ұрлап кеткені жөнінде шағымданды. Тергеу жүріп жатыр.

***

23 қазанда күндіз Ганюшкино ауылының орталығында полиция қызметкерлері өзін күмәнді ұстаған 36 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатты. Оның қалтасынан сіріңке қорабына салынған қара сора табылды. Тергеу жүріп жатыр.

***

Сол күні Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылындағы жеке үйлердің бірінің ауласында қара сораға ұқсас нәрсе шегіп отырған 31 және 39 жастағы екі ер адамды ұстады. «Көтек» сараптама жіберілді.

***

24 қазанда түнде жол-патрульдік қызмет қызметкерлері Тайманов даңғылында Атырау қаласының 41 жастағы тұрғыны жүргізген «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатты. Сараптама жүргізушінің мас екенін анықтады. Сонымен қатар, ол өткен жылдың ақпан айында жүргізуші куәлігінен екі жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.

***

24 қазанда күндіз Әуезов көшесі бойындағы азық-түлік дүкені кассасынан 80 мың теңге ұрланды. Күдіктілер анықталды, бұлар – 25 және 24 жастағы қала тұрғындары. Іздеу жарияланды.

***

Авангардтағы супермаркеттердің бірінде 27 қазанда он «Джилет» ұстарасының жиынтығы қолды болды. Қылмыс ҚІІБ жедел басқару орталығы бейнекамераларының көмегімен ашылды. 26 және 24 жастағы күдіктілер ұсталды.

***

Теңіз вахталық поселкесінде 30 тонналық жанар-жағармай материалдары тиелген тіркеме-цистерналы КамАЗ ұсталды. Оның 49 жастағы жүргізушісінің құжаттары болмаған.

***

«Дина» базарының қоймасынан жалпы құны 158 мың теңге тұратын төрт кір жуатын машина ұрланды. 37 және 39 жастағы күдіктілер ұсталды. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізілуде.

***

«Дина» базарында 28 жастағы сатып алушының қалтасынан 21 мың теңге жоғалып кеткен. Бутиктегі сатушы ұрлық жасады деп күдіктелді. Сатушы жасаған ісін мойындады. Тергеу жүргізілуде.

***

Қазанның 25-де Атырау –Астрахань трассасында Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылына жақын маңда «Газель» көлігі ұсталды. Салоннан алты центнер сазан табылды. Жүргізуші, Орынбор тұрғыны жүктің жөнелтпе құжаттарын ұсына алмады. Тергеу жүргізілуде.

29 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.