Атырау, 12 мамыр 22:54
 бұлттыВ Атырау +21
$ 516.01
€ 582.47
₽ 6.26

Екі полиция қызметкері өзбекстандық саудагерлерді тонаған

3 552 просмотра

Атырауда екі полиция қызметкері шетелдік азаматтарды үнемі тонап отырғандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Үстіміздегі жылдың 18 шілдесінде ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасына 38 жастағы Өзбекстанның азамат әйелі хабарласты. Оның айтуынша, осы күні «Көктем» базарының маңында кешкі жеті жарым шамасында оған бір автокөлік жақындап (номері мен маркасы есінде жоқ), ішінен өзін көші-қон полициясымын деп таныстырған формадағы адам түскен. Ол мұның қарсылығына қарамастан көлігіне отырғызып, көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін қамаймын деп қорқытып, 18 мың теңге тұратын «Самсунг» телефоны мен ішінде 107 мың теңгесі бар әйелдер сөмкесін тартып алады. Содан кейін 500 теңге беріп, дүкенге суға жұмсап, бұл келгенше кетіп қалған.

Осы фактіге ҚР ҚК-нің 362-бабы («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шілде, тамыз және қыркүйек айлары ішінде осындай арыздармен полицияға Өзбекстанның тағы үш азаматы хабарласқан. ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») және 362-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Редакциялық сұранысымызға ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының м.а. Ринат ДАГАРОВ былай деп жауап берді: «Сотқа дейінгі тексеру барысында күдіктілердің бірі шілде мен тамыз аралығында жұмыстан тыс уақытта әріптесінің өтінішімен өзінің «Тойота-Камри» автокөлігімен «Дина» базары маңына барады. Сол жерде полиция қызметкерінің киімдерімен жүріп, тағы да әріптесінің бастамасымен, сауда жасап жүрген Өзбекстан азаматтарын тоқтатады. Өздерін көші-қон қызметкерлері деп таныстырып, құжаттарын сұрайды. Құжаттары жоқ болса, елден шығарамыз деп қорқытып, ақша бопсалайды. Осыдан кейін зардап шегушілерді көліктен түсіріп (дүкенге темекіге немесе суға жұмсап), олардың бағалы заттарын алып қалып, өздері қылмыс орнынан қашып кетеді. Күдіктілер келтірген шығынның жалпы сомасы 800 мың теңгені құрады».

Р. Дагаров өз жауабында күдіктілердің полиция екендігі туралы ештеңе айтпайды, алайда әңгіме құқық қорғау органдарының қызметкерлері туралы екендігі анық.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қараша 2015, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.