Атырау, 23 желтоқсан 08:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Алаяқ кінәсін мойындап, өкініш білдірді Басқа жаңалықтар

Алаяқ кінәсін мойындап, өкініш білдірді

Атырау қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағының 1,4-тармақшасы (Ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша 48 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, А.М. 7 адамды алдаған - ол жоғары ақы төленетін жұмысқа орналастыруға, баспана мен жер телімін тез алуға көмектесуге уәде беріп, олардан осы «қызметтер» үшін жалпы сомасы 19 миллион 600 мың теңге жинап алып, уәдесін орындамаған. Кейін зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгінді. 26 қыркүйек 2019, 16:58 4 364 рет қаралды
Балықтың қырылуы туралы іс: есептегіштерге не жау шапты? Басқа жаңалықтар

Балықтың қырылуы туралы іс: есептегіштерге не жау шапты?

№2 Атырау қалалық сотта өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша сот отырысы жалғасуда. Бұған дейін сот отырысы сотта төрағалық еткен Дәуренбек Даумовтың еңбек демалысына шығуына байланысты кейінге қалдырылған еді. Кезекті отырыста үш сотталушының бірі – «Атырау Су Арнасы» КМК директорының орынбасары Виктор СУЩЕНКО жауап берді. Бейнежазба 26 қыркүйек 2019, 17:00 4 370 рет қаралды
Миллион Атырауда қалды Басқа жаңалықтар

Миллион Атырауда қалды

20 қыркүйекте Доссор кентінде Мақат ауданының 95 жылдығына орай «Мақатым – мақтанышым»  тақырыбында ұйымдастырылған аймақтық ақындар айтысына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан 20 ақын қатысып, бас бәйгесі мен 1 млн теңге сыйлығын атыраулық ақын Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ жеңіп алды. 25 қыркүйек 2019, 11:06 3 961 рет қаралды
Тоғысқан түрлі тағдырлар Басқа жаңалықтар

Тоғысқан түрлі тағдырлар

Жыл басынан бері Атырау облыстық кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына тоқсанға жуық бала келіп түскен. Осылардың 15-і «Шаңырақ» балалар үйіне орналастырылса, 65 бала заңды өкілдеріне қайтарылған.  2 бала  «ата-анасының тәрбиесіне көнбегендіктен және мінез құлқына байланысты» соттың шешімімен Маңғыстау облысындағы арнайы түзету мектебіне орналастырылды.  Ал қазір бұл жерде 21 бала тәрбиеленуде.  «АЖ» тілшісі орталық жұмысымен танысты. Бейнежазба 25 қыркүйек 2019, 12:30 4 718 рет қаралды
Зейнеткерлер үшін карточканың мүмкіндігі мол Басқа жаңалықтар

Зейнеткерлер үшін карточканың мүмкіндігі мол

- Мен зейнетақымды пошта арқылы аламын, бірақ өткен айда «Қазпошта» қызметкерлері маған карточка беріп, келесі айдан бастап ақша соған аударылатынын айтты. Бірақ мен карточканы қалай қолдану керектігін білмеймін. Ал қызым бөлек тұрады, үнемі жұмыста, сирек келеді. Көршілерім ақшаны поштадан алуға болатындығын айтады. Қызметкерге ПИН-кодты айтса, ол ақшаны түсіріп береді дейді. Бірақ олай етуге қорқамын. Өйткені қызметкерлер өзгеріп тұрады, аяқ астынан жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Ал төсек тартып жатқан мүгедек-зейнеткерлер карточкамен қалай алады? Бір сөзбен айтқанда, маған ақшаны карточкаға аударатындығына қарсымын.  Зейнетақымды бұрынғыдай алғым келеді. Ол үшін «Қазпоштаға» өтініш жазуым керек пе? 24 қыркүйек 2019, 16:30 3 649 рет қаралды
Жайыққа құрылыс қоқысын төкті Басқа жаңалықтар

Жайыққа құрылыс қоқысын төкті

Атырау тұрғыны Болат Нсанбаев Фейсбукте бейнежазба жариялап, оған: «Құрылыс қоқыстарын Жайыққа төгіп жатыр, бұл «Шағалаға» қарама-қарсы Әлиев көпірінің жанында жүріп жатқан құрылыс. Өз-өзімізді құртып жатырмыз...» деп жазыпты. Бұл көрініске шынымен де жаның ашиды: экскаватор Жайыққа көп мөлшерде сусымалы массаны тастап жатыр. Бейнежазба 24 қыркүйек 2019, 16:28 4 477 рет қаралды
Атырау облысында полиция басшылары парамен қолға түсті Басқа жаңалықтар

Атырау облысында полиция басшылары парамен қолға түсті

Атырау облысы бойынша Полиция департаментінің Тылдық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылық басшысы, полиция подполковнигі мен оның орынбасары, полиция майорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бейнежазба 24 қыркүйек 2019, 20:19 5 822 рет қаралды
Батыр аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі Басқа жаңалықтар

Батыр аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі

«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгісімен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті ұсынуды пилоттық режимде іске қосу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №418  және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мнистрлігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №192/НҚ бірлескен бұйрықтары бекітілді.  23 қыркүйек 2019, 12:47 4 828 рет қаралды
Біздікілердің біліктілігі төрт есе төмен бе? Басқа жаңалықтар

Біздікілердің біліктілігі төрт есе төмен бе?

Жақында «АЖ» Бас прокуратураның ұйғарымы бойынша еңбек инспекциясының Теңіз кенішіндегі компанияларды, онда да барлығын емес, 50-ден астам шетелдік жұмысшысы бар компанияларды тексеріп жатқанын хабарлаған еді. Тексеру барысында біздің жұмысшылардың да жақсы табыс табатындығы белгілі болды, бірақ әділеттілік қағидасы бәрібір сақталмаған. Тексерудің аралық нәтижелері туралы - Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ әңгімелеп берді. 23 қыркүйек 2019, 15:31 4 132 рет қаралды
Атырауда «Тойота» жасөспірімді қағып өлтірді Басқа жаңалықтар

Атырауда «Тойота» жасөспірімді қағып өлтірді

Бүгін, 21 қыркүйекте, шамамен сағат 9:30-да Атырауда Баймұханов көшесінде ресейлік нөмірі бар Toyota Camry (елулік) көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті. Толықтырылды Сурет Түзетілді 21 қыркүйек 2019, 11:10 10 066 рет қаралды
Атырауда полиция рұқсат етілмеген митингіге жиналған адамдарды ұстады Басқа жаңалықтар

Атырауда полиция рұқсат етілмеген митингіге жиналған адамдарды ұстады

Бүгін, 21 қыркүйекте Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында, сондай-ақ «Байзаар» сауда орталығының аумағында рұқсат етілмеген митинг өткізбек болған адамдар ұсталды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 21 қыркүйек 2019, 16:41 7 421 рет қаралды
Аман өргенімізге шүкір Басқа жаңалықтар

Аман өргенімізге шүкір

- Күн сайын таңда Достық көшесіндегі 60 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген, қазір апаттық күйдегі 14-үйдің тұрғындары осылай шүкіршілік етеді. Осы жерге келген Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТҰМҰРАТҰЛЫ жаңа жылға дейін бұл мәселені «шешуге уәде берді».  Бірақ жаңа жылға дейін әлі көп уақыт бар, ал әкім келіп кеткеннен кейін көп ұзамай, пәтерлердің бірінің қабырғасы құлады. Сурет Бейнежазба 21 қыркүйек 2019, 20:11 4 594 рет қаралды
Немен тыныс аламыз Басқа жаңалықтар

Немен тыныс аламыз

Былтырдан бастап Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленуде. Жақында осыған қатысты ҚР Экология министрлігі комитетінің төрағасы Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ Атырауға келіп, жергілікті жұртшылықпен кездесу өткізді. Заңнамадағы өзгерістер шын мәнінде елеулі болмақ. Сурет 20 қыркүйек 2019, 16:21 3 955 рет қаралды
Жергілікті биліктен рұқсат алуды ұмытыпты Басқа жаңалықтар

Жергілікті биліктен рұқсат алуды ұмытыпты

Соңғы кездері Атырауда жаңа тұрғын үй кешендерін салу кезінде үлескерлер саны артып келеді. Осыған байланысты прокуратура жосықсыз құрылыс салушыларды жауапқа тарту жұмыстарын жүргізуде. 20 қыркүйек 2019, 22:40 3 242 рет қаралды
Жағажайға келер жылы қаржы салынады Басқа жаңалықтар

Жағажайға келер жылы қаржы салынады

Өткен аптада Атырауда брифинг өтіп, онда Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат ЕРЖАНОВ 2019 жылғы шомылу маусымының қорытындылары туралы баяндады. Алайда «AЖ» сауалдарынан кейін анағұрлым маңызды тақырыптар қозғалды. Енді жергілікті билік жағажайлармен басқаша жұмыс істейтін сияқты. 19 қыркүйек 2019, 17:24 3 131 рет қаралды
Денсаулығыңызды бірге қадағалайық Басқа жаңалықтар

Денсаулығыңызды бірге қадағалайық

Атырау қалалық №3 емханасында бүгінде 43 253 адамға қызмет көрсетіледі. Тіркелген тұрғындарға 25 жалпы дәрігерлік практика учаскелері, 2 терапевтік, 2 педиатриялық және 4 гинекологиялық учаскелер, сонымен қатар салалық профиль мамандары көмек көрсетеді. Бұл туралы №3 емхананың бас дәрігері Айман ӨТЕГЕНОВА хабарлады. 19 қыркүйек 2019, 00:00 3 534 рет қаралды
«Қайырлы таң», мұнайлы астана тұрғындары! Басқа жаңалықтар

«Қайырлы таң», мұнайлы астана тұрғындары!

Бүгін таңда Атыраудағы көп ауданның тұрғындары пәтерлерінде ыссы және салқын судың, газдың, ал Авангардта жарықтың жоқ екенін білді. Тұрғындар қалың ұйқыда жатқанда қалаға құдды ақырзаман хабаршылары келгендей.     18 қыркүйек 2019, 12:05 4 487 рет қаралды
Фариза апталығы аяқталды Басқа жаңалықтар

Фариза апталығы аяқталды

Атырауда көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 80 жылдығына арналған апталық Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жергілікті өнер ұжымдарының концертімен қорытындыланды. Бұған дейін апталық аясында республикалық ақындар айтысы, сурет көрмесі, поэзиялық кештер өтті. Сурет Бейнежазба 17 қыркүйек 2019, 15:16 6 830 рет қаралды
Нұрсая ықшамауданы тұрғындарының қаперіне! Басқа жаңалықтар

Нұрсая ықшамауданы тұрғындарының қаперіне!

«Атырау жылу жүйелері» АҚ Нұрсая ықшамауданындағы жылу тарату жүйесіне жөндеу жүргізілуіне байланысты келесі тұрғын үйлерге ыстық су беру тоқтатылатынын хабарлайды. Бұл жылу жүйесі қалалық ТКШ бөлімінің балансында тұр. Қазіргі уақыттта мердігер мекеме құбыр ақауын жоюмен айналысуда:   17 қыркүйек 2019, 15:38 5 085 рет қаралды
Сол жақ жағалауда 20 қыркүйекке дейін газ болмайды Басқа жаңалықтар

Сол жақ жағалауда 20 қыркүйекке дейін газ болмайды

16-20 қыркүйек аралығында Атырау қаласының сол жағалауының басым бөлігінде (теміржол көпірі мен Дамба ауылы арасында) газ беру тоқтатылды. Себеп – №1 газ тарату станциясында жоспарлы-сақтандыру жұмыстарын жүргізу. 16 қыркүйек 2019, 11:37 3 652 рет қаралды
Атырау облысы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды

Бүгін, 16 қыркүйекте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев активке өзінің жаңа орынбасарын – бұған дейін Мақат ауданының әкімі болған Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫ таныстырды.  Құрылыс және ТКШ саласына жетекшілік еткен бұрынғы орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» лауазымынан босатылды. Қандай жұмысқа ауысқаны айтылмады. Толықтырылды Сурет 16 қыркүйек 2019, 16:30 6 688 рет қаралды
Атырау әуежайында әскери ұшқыш Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды Басқа жаңалықтар

Атырау әуежайында әскери ұшқыш Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды

Бүгін, 16 қыркүйекте, Атыраудың Халықаралық әуежайында жерлесіміз, Ұлы Отан соғысына қатысқан ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз ДОСПАНОВАНЫҢ ескерткіші ашылды. Мәрмәр тастың үстіне орнатылған қола ескерткіш 2,3 метр, ал композицияның жалпы биіктігі - 5,5 метр. Сурет Бейнежазба 16 қыркүйек 2019, 22:20 10 990 рет қаралды
Тағы екі аптаға шегерілді Басқа жаңалықтар

Тағы екі аптаға шегерілді

Атырауда қоғамдық көліктерге дифференциалдық тариф енгізу күні (электрондық карта бойынша төлеу 80 теңге және қолма-қол ақшамен төлеу 150 теңге) 15 қыркүйектен 1 қазанға ауыстырылды. Бұған себеп - ең алдымен азаматтардың жол жүру карталарын алу белсенділігі төмен болып отыр. 14 қыркүйек 2019, 11:09 3 874 рет қаралды
Суармалы су құбыры наурызда іске қосылады Басқа жаңалықтар

Суармалы су құбыры наурызда іске қосылады

Атырауда суармалы су құбыры құрылысының екінші кезеңі аяқталуға жақын. Қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің хабарлауынша, жақын арада оған қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорын құрылады. Сурет 14 қыркүйек 2019, 12:37 3 546 рет қаралды
Бізде «мәселелер қалай шешіледі» Басқа жаңалықтар

Бізде «мәселелер қалай шешіледі»

«Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторинг» зерттеу жұмысы аясында Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры облыс және аудан орталықтарындағы 9 мың респондентке сауалнама жүргізіп, «Ашық диалог» порталына түскен 568 шағымды зерттеді. 14 қыркүйек 2019, 13:07 3 838 рет қаралды
Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр-2 Басқа жаңалықтар

Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр-2

Бүгінгі таңда Атырау облысында 3820 жеке тұлға тұрғын үйді ресми жалдап жалдап отыр, оның ішінде жыл басынан бері 1030 жеке кәсіпкер тіркелген. Мемлекеттік кірістер департаментінде бұл цифрдың айтарлықтай көбеюіне - белсенді түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ, өткізілетін рейд нәтижелері себеп болғандығына сенімді. Ал Атырау полициясы бұл салада алаяқтықтың көбейгенін атап өтті. 13 қыркүйек 2019, 15:36 4 367 рет қаралды
Атырау қаласының әкімі апатты үйлердің тұрғындарымен кездесті Басқа жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі апатты үйлердің тұрғындарымен кездесті

Қала басшысы Достық көшесі, 14 және Бейбітшілік көшесі, 64 мекенжайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйлерге барды деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 12 қыркүйек 2019, 09:47 3 809 рет қаралды
Аса маңызды істер бойынша тергеушіге қойылған ыңғайсыз сұрақтар Басқа жаңалықтар

Аса маңызды істер бойынша тергеушіге қойылған ыңғайсыз сұрақтар

№2 қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-тармағы (Қоғамдық бiрлестiкке қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАҒА қатысты сот процесі жалғасуда. Сурет 12 қыркүйек 2019, 10:44 6 248 рет қаралды
Оқулықтар жауынның астында қалды Басқа жаңалықтар

Оқулықтар жауынның астында қалды

Әлеуметтік желілерде 11 қыркүйекте Атыраудағы №2 мектептің ауласында жауыннан жиналған шалшық үстінде жиналып тұрған кітап қаптамалары түсірілген бейнежазба таралып кетті. «АЖ» бұл турасында қалалық әкімдіктен түсінік алды. Сурет Бейнежазба 12 қыркүйек 2019, 15:37 4 193 рет қаралды
Кондукторлар қулығын асырып тұр Басқа жаңалықтар

Кондукторлар қулығын асырып тұр

9 қыркүйекте қаладағы автобус кондукторлары таңертең валидаторлар берілмегендігін айтып, маған билет беруден бас тартты. Басқа жолаушылардан да осылай ақша жинап алды. Басқа автобус кондукторларында валидаторлар болды және жол жүру карталарымен төлем алды. Тек автобус паркіндегі осы функцияға жауап беретін сервер жұмыс жасамай қалды деп карталардағы теңгерімді толтырудан бас тартты. 15 қыркүйектен кейін жол жүру картасы жоқ адамдар үшін жолақы 80 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттағанда бұл қалай болмақ? 11 қыркүйек 2019, 09:48 3 074 рет қаралды