Атырау, 24 қараша 05:59
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда полиция рұқсат етілмеген митингіге жиналған адамдарды ұстады

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
7 281 просмотра


Бүгін, 21 қыркүйекте Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында, сондай-ақ «Байзаар» сауда орталығының аумағында рұқсат етілмеген митинг өткізбек болған адамдар ұсталды.

«АЖ»-ның қолда бар мәліметтері бойынша, 4 адам: үшеуі сауда орталығы алдынан, тағы біреуі - қолында плакаты бар ер адам алаңда ұсталды. Алаңда ондаған полиция қызметкері мен әкімдіктің ішкі саясат басқармасының қызметкерлері жүр. Сол маңда полиция автобусы кезекшілік етуде. «Байзаар» сауда орталығына кіретін және шығатын жолдар жабылған.

Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВТЫҢ айтуынша, алаңдағы ер адамды мас күйінде қоғамдық жерде жүргені үшін алып кеткен.



- Сауда орталығында ешкім ұсталған жоқ, - деп мәлімдеді «АЖ» тілшісіне Атырау облысы ПД ЖПҚ  бастығы Әлібек ҚАЙЫРОВ.

Естеріңізге салсақ, 7 қыркүйекте азаматтық белсенділер Атырауда «Қытай экспансиясына қарсы» және Макс БОҚАЕВТЫ босату үшін наразылық акцияларын өткізген болатын.

Сол күні белсенділер 21 қыркүйекте бейбіт митинг өткізуге өтініш жазды, бірақ қала мен облыс әкімдіктері рұқсат беруден бас тартты.

21 қыркүйектен бір күн бұрын ҚР Бас прокуратурасы қазақстандықтарға рұқсат етілмеген акцияларға қатысқаны үшін жауапкершілік болатынын еске салып, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.

Прокуратураның пікірінше, бұл акциялардың артында «жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болатын, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыруға тырысып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін» «деструктивті күштер» (атап айтқанда, Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ ұйымы) тұр.



Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА, Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген авторлар

21 қыркүйек 2019, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.