Атырау, 23 қараша 13:59
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тағы екі аптаға шегерілді

3 769 просмотра


Атырауда қоғамдық көліктерге дифференциалдық тариф енгізу күні (электрондық карта бойынша төлеу 80 теңге және қолма-қол ақшамен төлеу 150 теңге) 15 қыркүйектен 1 қазанға ауыстырылды. Бұған себеп - ең алдымен азаматтардың жол жүру карталарын алу белсенділігі төмен болып отыр.

- Екінші себеп - Атыраудағы 200 мыңдай жеңілдік алушылардың бәрі бірдей атаулы карталар алып үлгермеген.  Қазіргі уақытта 90 мың оқушы, 50 мың студент, 27 мың зейнеткер және 30 мың мүгедек пен олардың қамқоршылары үшін жеке жол жүру карталары шығарылуда, - дейді «Смарт Атырау» КМК директоры Әділбек ТАҢҚИЕВ.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бүгінде Атырауда жол жүру карталарын шығаратын төрт бекет - «Привокзальный», «Вокзал», «Облыстық перзентхана» және Авангард соңғы аялдамаларында жұмыс істейтінін хабарлады. Жақын арада Нұрсая ықшам ауданында («Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС ғимаратында) тағы бір бекет ашылады. Азаматтар дайын карталарды бір жерден - Привокзальный аялдамасынан ала алады. Қазір бұл жерде адамдар көп, тұрғындар бекеттерде бір ғана оператор жұмыс істейтініне наразы.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын сараланған тарифті 1 қыркүйектен бастап енгізуді жоспарлап, кейін оны 15-іне шегерген еді. Енді тағы да шегерілді.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

14 қыркүйек 2019, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.