Атырау, 3 тамыз 22:45
 дождьВ Атырау +32.9
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Жергілікті биліктен рұқсат алуды ұмытыпты

3 393 рет қаралды


Соңғы кездері Атырауда жаңа тұрғын үй кешендерін салу кезінде үлескерлер саны артып келеді. Осыған байланысты прокуратура жосықсыз құрылыс салушыларды жауапқа тарту жұмыстарын жүргізуде.

- Құрылыс салушылардың бірінде жергілікті биліктен рұқсаты болған жоқ, ал үлестік құрылыс кезінде мұндай құжат қажет. Атырау прокуратурасының бастамасымен компания басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабының 1-тармағы бойынша (Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңның талаптарын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 530 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

20 қыркүйек 2019, 22:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.