Атырау, 24 желтоқсан 22:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мәдениет

Махамбеттің найзасы Мәдениет

Махамбеттің найзасы

Ш.Сариев атындағы облыстық өнер музейінде өткенМахамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған байқау-көрмеде қатысушылардың ерекше назары атыраулық қолөнер шебері Кеңес АЙЫПҚАЛИЕВТЫҢ (суретте)«Махамбеттің найзасы» жұмысына түсті. 26 қыркүйек 2013, 00:00 8 143 рет қаралды
Көрмедегі картиналар Мәдениет

Көрмедегі картиналар

17 мамыр күні Атырауда бірден екі үлкен шығарма-шылық көрме өткен болатын. Алдымен Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде туған жердің төл перзенті, дүлдүл күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Күй атасы – Құрманғазы» атты облыстық қолөнер шеберлерінің байқауы ұйымдастырылса, «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының арт-галереясында «Асфальттағы адыраспан» атты суретшілердің республикалық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 23 мамыр 2013, 00:00 7 978 рет қаралды
Гүлмайданның мектебі Мәдениет

Гүлмайданның мектебі

Белгілі әнші Гүлмайдан СҮНДЕТҚЫЗЫ жуырда өзінің жеке шығармашылық кешін өткізбекші. Бұл шарада өзімен қатар шәкірттерін де сахнаға шығарғысы келеді. Сол себепті қазір ол  өзі жұмыс істейтін Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония жанынан өзінің ән мектебін ашқан болатын. Біз оның өнердегі бүгінгі тынысы жайлы тілдесіп көрдік. 11 сәуір 2013, 00:00 11 579 рет қаралды
Болат АЮХАНОВ: "Балеттен басқа қолымнан ештеңе келмейді" Мәдениет

Болат АЮХАНОВ: "Балеттен басқа қолымнан ештеңе келмейді"

Фирмалық стилі: жіңішке қара джинсы, жұқа қарапайым пуловер, артқы иығына сәнді төгілген ақ бөкебай (олар оған тіпті, көшеде де бағынышты), тура балауыздан жасалғандай бет-жүзі, қысқа қиылған қара шашы. Жеке өз басым Болат АЮХАНОВТЫ ес білгелі осылай көріп келемін. Теледидардан анда-санда көрсем де, ешқашан бұл адамды қалай қабылдайтындығым туралы ойланған емеспін. Кездесу барысында мұны ол мен үшін жасағандай болды: «Мен өзім гүлмін... тек тікенекті». Бұл оның әртістерді гүлмен еркелете білмеген атыраулық көрерменнің ерекшелілігіне қатысты берген бағасы. Мейлі, тіпті, әртіс өз жүрегін кеудесінен шығарып берсе де. 14 қараша 2012, 16:03 4 521 рет қаралды
Таскешудің өз сыры бар Мәдениет

Таскешудің өз сыры бар

Таскешу керуен сарайы Сарайшық пен көне Үргенішті жалғастыратын Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи мұралардың бірі болып саналады. Жылдар бойы елеусіз жатқан сарай сырына үңілген археологтар ерекше қызығушылық танытуда. 5 қыркүйек 2012, 23:03 8 162 рет қаралды
Біздің ауылда кино түсіріліп жатыр Мәдениет

Біздің ауылда кино түсіріліп жатыр

Осыдан екі ай бұрын «Қыз жүрегі» фильміндегі рөлдерді орындаушыларға арналған кастинг жарияланған болатын. Кейін режиссер Карл ИСАБЕКОВТЫҢ шығармашылық тобы Махамбет ауданындағы Еспол ауылында фильмнің түсіріліміне кірісті. Қазір ауылдағы көріністердің кадрлары толық алынып бітті. Енді Атырау қаласы мен Астана қаласындағы түсірілім жұмыстары күтіп тұр. 29 тамыз 2012, 17:30 15 612 рет қаралды
Сейітжан Голливудқа барар жолда Мәдениет

Сейітжан Голливудқа барар жолда

Ол жеңімпаз атанған жоқ, бірақ ол кеудесін керген қуанышпен шынында да қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, өз табынушысынан мақтау  алды.  Сейітжан СПАНОВ (суретте) өз мақсатына жету үшін  тағы бір қадам жасады: бұл жолы оның сценарийі  режиссер Тимур БЕКМАМБЕТОВ ұйымдастырған ІІІ Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің  сценаристер байқауы финалистерінің  ондығына ілікті. 18 шілде 2012, 21:35 4 160 рет қаралды
"Ойшыл әншіден тойшыл әнші көп боп тұр ғой" Мәдениет

"Ойшыл әншіден тойшыл әнші көп боп тұр ғой"

Қайрат Байбосынов әндері қандай болса, өзі де сондай мөлдіреп, төгіліп тұратын жұмсақ, сезімтал адам екен, сұхбат беруге дереу келісті. Біріміз Астанада, біріміз Атырауда отырып, сым бойымен жүргізген сұхбатымыздың ұзын-ырғасы төмендегідей болды: 28 наурыз 2012, 19:38 12 202 рет қаралды
Суретші Отарбай КЕНДІР: «Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын» Мәдениет

Суретші Отарбай КЕНДІР: «Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын»

Құрманғазы ауданының Нарын құмында дүниеге келген қылқалам шебері шетсіз далаға көз тастап отыруды бала күнінде-ақ әдетке айналдырған. Оны өзінен бұрын ұшқыр қиялы алысқа жетелейтін. Қыр асқан сары даланы кенепке теңеп, ойша сурет салатын. Кейін бейнелеу өнеріне шындап кірісуді шешті. Осылайша жүрек қалауы оның қолына қылқаламды алдырды. Бүгінде ол оның айнымас серігі. 5 қаңтар 2012, 17:26 14 066 рет қаралды
«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді» Мәдениет

«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді»

Ата-бабасы Еділ-Жайықта, өзі қарт Қаратаудың Жон жайлауында туған қазақтың біртуар композиторы Илья Жақанов бүгінде атакүлдігі Атырауда тұрып жатыр. Тағдырдың желі айдап, атамекеннен ауа көшкен бабасы бұл жаққа қайтып оралмады. Оның есесіне олардың орнын Ілағаң толтырды. Толтырды дегенде, біз оның Атырауға қоныс аударғанын ғана айтып отырған жоқпыз, ең бастысы, ол осыдан тура 30 жыл бұрын, тап осындай қазан айында «Еділ мен Жайық» атты өлмес әнді өмірге әкелді. Ал бұл әннің тарихы өте қызық. 13 қазан 2011, 11:02 8 381 рет қаралды
«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз» Мәдениет

«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз»

Өткен аптада Атырауда корей халқының мәдени күндері ерекше аталып өтілді. Ерекше дейтініміз, биыл Атыраудағы «Тхоньил» корей этномәдени орталығының құрылғанына 20 жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігінің мерейтой қарсаңына тұспа-тұс келген айтулы күнге корейліктер республиканың әр аймағынан жиналды. 13 қазан 2011, 17:05 7 447 рет қаралды
Әлішер Кәрімовтың концерті неге өтпей қалды? Мәдениет

Әлішер Кәрімовтың концерті неге өтпей қалды?

Белгілі жас әнші, халықаралық конкурстардың лауреаты  Әлішер КӘРІМОВТЫҢ   қыркүйектің 12-сі  күні Атыраудағы Махамбет драма театрында өтеді деп жоспарланған концертінің болғанынан боладысы қызық болды.  Көптен күткен жұлдыздың концерті басталмай жатып аяқталды. 15 қыркүйек 2011, 18:10 3 871 рет қаралды
Түркі саздары Өр Алтайды тербеді Мәдениет

Түркі саздары Өр Алтайды тербеді

Тамыздың 26-сы мен 27-сі аралығында Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық өнер фестивалі өтті. Оған Атырау облысының атынан әйгілі күйші, республикалық байқаудың лауреаты Айгүл Батырқайырова (суретте) қатысып қайтқан болатын. Біз Айгүл Атырауға оралған бойда оның Өр Алтай сапарынан алған әсерлерімен бөліскен едік.   1 қыркүйек 2011, 17:03 7 778 рет қаралды
Екі қыз немесе сурет пен поэзияның дуэті Мәдениет

Екі қыз немесе сурет пен поэзияның дуэті

Жуырда  Атырау өлке тану мұражайына жиналғандар суретші мен ақынның творчестволық альянсының куәгері болды. Белгілі суретші Камила ЖАПАЛОВА ақын Маржан ЕРШУОВАНЫҢ поэмасы негізінде салынған «Дина» портреттік туындысын таныстырды. Ол биылғы Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған екен. 19 мамыр 2011, 18:05 12 362 рет қаралды
Мәдениет

Киноконцерт залын желтоқсанда тапсырылады

Халықаралық әуежай жолының сол жағында салынып жатқан 1200 орынға  есептелген киноконцертзалы  пайдалануға үстіміздегі жылдың аяғында берілмекші және ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ибрагим ӘМІРОВ хабарлады. 27 сәуір 2011, 19:45 3 283 рет қаралды
Мәдениет

Гастрольдік сапар басталды

Облыстың өнерпаздар ұжымы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналған алғашқы гастрольдік сапарын Құрманғазы ауданынан бастап отыр. Облыстың мәдениеті мен өнерінің күндерін өткізу шарасы - «Тәуелсіздік нұрландырған Атырау» деп аталды. 20 сәуір 2011, 21:27 4 081 рет қаралды
Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған» Мәдениет

Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған»

Наурыздың 5-і күні облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде белгілі қылқалам шебері Рафаэль Слекеновтың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге оның бояуы кеппеген 49 жұмысы ілінді. 9 наурыз 2011, 22:21 12 096 рет қаралды
Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты Мәдениет

Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты

Ақпанның 12-сі күні Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде республикамызға танымал суретшілердің көрмесі өткізілді. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» деп аталған көрмеге музей қорындағы 33 суретшінің 73 туындысы қойылыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 7 691 рет қаралды
«Махаббат кабаресі» қайталанбайды Мәдениет

«Махаббат кабаресі» қайталанбайды

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің орыс халық театры барлық ғашықтар күнінің қарсаңында махаббат пен романтикаға толы нағыз мереке болады деп өз көрермендеріне уәде беріп отыр. Олар «Махаббат кабаресі» атты музыкалық шоу премьерасын дайындауда. «Махаббат кабаресінде» көрермендер алдында қандай махаббат көрініс табатындығы туралы шоудың қоюшы режиссері Павел СКЛЯРЕНКОМЕН әңгімелескен едік. 10 ақпан 2011, 00:00 4 866 рет қаралды
«Анашым» Мәдениет

«Анашым»

1970 жылдың қараша айы. Тайсойғанның қабағы тұнжыраған мұңлы күзі. Мұңлы болса да тәтті еді-ау сол күз... Қарашаның қара суығынан сабағы солғын тартқан бұйрабас түзгіндер мен ауыл сыртындағы сайларға біткен қызыл қурайлар ара-тұра күздің өкпек желі шайқап өткенде ызыңдап, сыбызғы үніндей бір әуез шығаратын. Көк жүзінен жыл құстарының соңғы керуені қиқулап өтетін. Ал күзгі ауадан ауылдың өзіне ғана тән бір сүйкімді иіс сезілуші еді. Осы бір көріністер сол кездегі жас композитор Сейсенбі Құлмағанбетовке шабыт беріп, ерекше тәтті сезім сыйлайтын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 12 227 рет қаралды