Фирмалық стилі: жіңішке қара джинсы, жұқа қарапайым пуловер, артқы иығына сәнді төгілген ақ бөкебай (олар оған тіпті, көшеде де бағынышты), тура балауыздан жасалғандай бет-жүзі, қысқа қиылған қара шашы. Жеке өз басым Болат АЮХАНОВТЫ ес білгелі осылай көріп келемін. Теледидардан анда-санда көрсем де, ешқашан бұл адамды қалай қабылдайтындығым туралы ойланған емеспін. Кездесу барысында мұны ол мен үшін жасағандай болды: «Мен өзім гүлмін... тек тікенекті». Бұл оның әртістерді гүлмен еркелете білмеген атыраулық көрерменнің ерекшелілігіне қатысты берген бағасы. Мейлі, тіпті, әртіс өз жүрегін кеудесінен шығарып берсе де.
- Маған гүл не бопты? 45 жыл ішінде мен Қызыл алаңды гүлмен толтырып тастаған болар едім. Жалпы мен гүлдерді ұнатпаймын - сол сәтте ол иегін көтеріп, жоғарыда келтірілген назын танытты. «Тікенекті» деген сөзге екеуміз бірге күле бастадық.
БІР КҮННІҢ ТІРЛІГІ БІР БАСЫҢА ЖЕТЕДІ...
…Бар-жоғы бір-екі минут бұрын ол аяғын асықпай басып, өзінің екі иығы түсіп, қан-сөлсіз, маңдайларынан тер шыққан жүзін журналистердің бақылап тұрғанын білместен мына есікке кірді. Оны күні бойына ескі сырқаты, кәсіби жарақаты мазалады. Мен оны таңертеңгісін көрдім – халі нашар, сұхбат беруден бас тартты, ал кешкісін жәй ғана қалай болады деп қойын дәптерсіз, сауалдарсыз келген бетім еді. Бұл оның ашуын келтірді, ол оны спектакльден соң, қыртыс-тыртысы жазылып, ауруы басылған соң айтты, сахна сыртынан қарап жаны тынышталды, жайланды. Арақашықтық бірден қысқарып кетті:
- Мен қазір ішпеймін ғой... Балет - менің бальзамым.
- Ал, сіз ішетін бе едіңіз?!
- Әрине, құйып құрметтесе... Арақ ішпеген еркек еркек емес.
- Біз әдеттегі қарапайым ғана адамдармыз, өзіміздің өміріміз туралы былай дейміз: отбасыммен тұрамын, балаларым бар, жұмысым бар... Сіз ше?
- Біз балеттің әсері – музыка, ырғақ, сұлулық арқылы өмір сүреміз... Өмірдің сазын көре де, ести де аламыз. Бұл - таңдаулылардың ақсүйектік мамандығы.
- Ал, шарасыз тұрмыс ше?
Ол алдымен ыммен жауап бере бастады, осынау жағымсыз сөзді ұзын саусақтарымен қолын сілкілеп, өзінен сермеп қуғандай болды: - Мен үшін тұрмыс деген жоқ. Сәтті сабақ, сәтті дайындық өтті, әлдекім жұлдыздай жарқырап көзге түсті – ұстазда дәмді вариация бар, балетмейстерде дәмді сахна бар – міне, менің әлемім осы. Алайда, бұл қас-қағым сәттік өнер. Бүгін, міне, ол Анна Павловнаны биледі, бітті, ал, ертең – бәрін қайтадан басынан бастау керек... міне, осы «бәрі басынан» деген тағы да бізге қуат береді, көреалмаушылық, сараңдық пен өшпенділік, иттіктің орын алмауы үшін жақсы қарым-қатынастарды жинақтайды.
- Алайда бұл әртістік ортадағы қалыпты норма емес пе?...
- Иә, нашар ортада. Егер сіз балетпен айналыссаңыз, сізге біреулермен айтысуға, пәле жабуға уақыт болмайды. Сіздің бар күшіңізді соған жұмсайтындығыңыз соншалықты, тіпті, күйеуіңізге қарамай қаласыз...
- Отбасы және өнер...
-…Жанұя – бұл нағыз сән-салтанат қой. Егер екеуі де бір ортадан болса жақсы, ал, егер күйеуі, мәселен, физик-химик болса, ал, әйелі – балерина, онда: балетті таста, гастрольге бармайсың, барлығы сені ұстайды... деген сөздер басталады...
- Демек, сіздің отбасыңыз, балаларыңыз болмаса, сіз бұдан көп нәрсе істер ме едіңіз?
- Осынша істеген болар едім, бірақ, менің қайны енем де, өз анам да, әйелім де – барлығы түсінетін адамдар... Балет отбасы болып табылады, егер аға-апайың, әжең болса, балаларың қараусыз қалмайды. Ал, кейде, екі адам үйленеді, екеуі де бейшара, не үй, не күй жоқ, балаларын тәуліктік балалар бақшасына тапсыратындар да болады... Балет пен тұрмыс - бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар.
ОҚУШЫЛАР ЖЕТЕРЛІК
Күтпеген жерден есік баяу ғана ашылып, әлдекім сығалап қарайды:
- Атырауда сіздің оқушыларыңыз көп пе?
- Иә, айтары жоқ, бүргедей, - деп бірден жауап қатты.
- Әзілге құмар сияқтысыз ғой, - деп қошеметтеп қоямын.
- Мендегі әзіл көңілімнің тасып, соған қарамастан кей кездегі жетіспеушілігінен болады.
- Мұны түсіну үшін маған уақыт керек.
- Түсіндірейін - әзіл: ақылдың, дәулетті өмірдің, достардың, рахаттылықтың жетіспеушілігінен...
- Ең таңдаулы көрермен қайда?
- Барлық жерде! – дейді кең пейілділікпен, артынша жедел түзетіп: - Сарыағашта! Олар бізге таңғажайып нәрсе көргендей қарады.
- Сөз реті келгенде айтып кетейін, сіздің костюм киген және макияждағы балаларыңыз таңертең Кіші Өнер академиясының сұр бетонды дәлізінде жат жерліктер секілді көрінді... Сіз қашан болса да, атыраулық көрерменге шағымданып көрдіңіз бе?
- Жоқ, ондай болған емес, бәлкім сөз реті келгенде айтып қалған да болармын. Түсінесіз бе, батыстықтар – олар епті адамдар. Меркантильді адамдар емес, қалай айтсам екен... Оларға тауар бер, олар солай келіп отырады (бізді көрсетіп жатыр: қолдарын айқастырып алып, креслоға шалқая кетеді). Алайда, бұл менің жеке пікірім, жалпы адамдардың барлығының пікірі осындай болуы міндетті емес.
БАЛЕТТЕГІЛЕРДІҢ ТӘБЕТІ ЖАМАН ЕМЕС
- Сіздің жасыңыз 75-те…
- 74.
- Жарайды, жақсы, бірақ адамдар мәңгілік емес қой...
- Мәңгілік. Иә, өнерде – мәңгілік. Мен өлген кезде маған жұмыр тастан белгі қояды. Зиратқа қарапайымдылық жарасады. Ал, егер шындыққа келсек, олар менсіз-ақ бәрін оқсатады. Мен кетемін, менсіз бәрін жасай алады.
- Нағыз өнер қалай бағаланады?
- Жаңа бастағандарға 400-500 және одан да көп доллар төленеді. Шеберлігі үшін үстеме отыз жастан бастап қосылады. Мен былай деп пайымдаймын – қарыны тоқтардың бірде-біреуі әлі үздік туынды тудыра қойған жоқ. Мұны мен ойлап тапқаным жоқ.
- Цифрларға көшкен екенбіз: балеринаның салмағы қандай болуы тиіс?
- Қалыпты салмағы болуы керек: толық болуы мүмкін, бірақ, жеңіл, ал, тіпті, арық бола тұрып, шеге қаққандай секіретіндері бар. (Кейін труппадағы қыздар нақтылап айтып берді: шамамен орташа 45 келі болады. Олар соған қарамастан тағамды талғамай жей береді және оның бәрінен сахнада, дайындық залында арылады. Бұл фантастика ғой! Олар балериналарда да целлюлит болатынын мойындады).
- Зейнеткерлікке еңбек сіңірген жылдарыңызға байланысты шықтыңыз ба?
- Жалпылама айтсам, баяғыда-ақ, жиырма жылымды алып қойды. Әйелдер - 58, ерлер - 63. Мәжілісте саңыраулар отырғанға ұқсайды, шамасы, біздің уақытынан бұрынғы кәрілігіміз олардың намысына тиеді екен. Балеринаны 40 жасында секіруге мәжбүрлеп көріңіз, ол тіпті, сахна түгілі төсекке жарамай қалады емес пе... Ал, 50-де не болады?! Олардың барлығының ескі аурулары бар, сырқат жандар. Ал, олар болса: мамандықтарыңды өзгертіңдер дейді. Қандай мамандыққа? Балеттен басқа қолымнан ештеңе келмейді. Мемлекеттің өнер қайраткерлеріне қалай қарайтындығын оның өркениеттілігінен аңғаруға болады. Айталық, мен жаманмын, тағы да біреу жаман болсын, бұл жерде әртістердің қатысы не? Үлкен спорттағы кез-келген спортшы, балеттің кез-келген әртісі орта жаста-ақ мүгедек болып саналады. Ғұмыры келте мамандықтар. Біреулер отбасын құрып үлгереді, енді біреулері үлгермейді, олар шынында да өздерін құрбан еткен адамдар. Еуропада, Ресейде балет училищесінің түлектері мәдениет министрлігінен пәтер алады, ал, бізде мекен-жайға тіркелмегендіктен театрға ала алмаймын, көбіне аудандардан келеді. Бүгін премьералық қойылым – «Анна Павлова», бұл қойылымға мен 57 жылымды жұмсадым. Әзірге қойылым бірінші болып Алматыда көрсетілді, екініші рет Атырауда. Наурыз айында Лондонға алып кетеміз. Мен 16 миллион сұрадым, ал, маған 10 миллион беріп, бәрін үйлестір дейді. Бұл сомамен Лондонға жетпестен кері ұшаққа отыратындығымды қалай түсіндірем?!
ТІПТІ, ТАМАҚ ТА ЖЕЙ АЛМАЙМЫН
Есіктен әкімші бірнеше рет қарады және көзін алартқандай болады, ал Аюханов ақыры маған тіке қарап:
- Сіз менен бәрін сығып алғандай болдыңыз.
- Солай ма? Кешіріңіз!
- Кешірмеймін! Өзімнің өзім екенімді есіме түсіруге мұрша беріңізші! Мен есікке қарай бет алдым, ол шағын ғана гримдеу бөлмесінің бұрышындағы қол жуғышқа кетіп бара жатып, күңкілдеп қояды: «міне, осындайлары үшін журналистерді ұнатпаймын, бірдеңені бастасаң бітті, ішіңе кіре жаздайды: ал, сіз тамақ жейсіз бе, дәретке барасыз ба?...»
- Ал, сіз тамақ ішесіз бе?!– деймін мен мойнымды бұра.
- Міне, жаңа ғана айттым ғой! Жоқ, тамақ ішпеймін, тіпті, әжетханаға баруға да қысыламын.
Ол бетін сумен шайып жатыр, сол аралықта мен сол жерде гримделіп жатқан әртістен жәйлап қана біліп алуға тырысып жатырмын: балет әртістерінің арнаулы диеталары бар ма?
- Май жағылған бөлке болмайды, ал, қыздар оны жақсы көреді, жегілері келеді.
- Ал, сізге?
- Ал, маған тамақ жеу керек – бізге серіктесімізді көтеру керек.
Аюханов оралмалмен сүртініп жатыр, менің әлі де есіктен шығып тұрған басымды көріп, былай дейді:
- Сен татар емессің бе? Қызық – түбіме жетіп болдың ғой.
Күлкіден жартылай еңкейіп барып, ақыры есікті жауып шығып кеттім, есіктің арт жағынан олардың күлкілері естіліп жатыр. Соңғы қоңырау соғылды және ол аяғын жыбырлата басып, ауруына қарамастан сахнаға беттеп барады. Жартылай жолда бұрылып маған қарап: «неге тұрсың, залға бар, қара!» деп айқайлады. Ақыры, кешірген болды ғой, біз, байқаймын, «сенге» көшіп кетіппіз, тіпті, бірге ішкеніміз де жоқ қой.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА