Атырау, 23 қараша 02:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Таскешудің өз сыры бар

7 556 просмотра

Таскешу керуен сарайы Сарайшық пен көне Үргенішті жалғастыратын Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи мұралардың бірі болып саналады. Жылдар бойы елеусіз жатқан сарай сырына үңілген археологтар ерекше қызығушылық танытуда.

Бұл сарай шекаралас жатқан Қызылқоға мен Мақат ауданына қарасты Кенбай ауылының оңтүстік батысынан 12 шақырым жерде, Сағыз өзенінің сол жағалауында орналасқан. Таскешу облыс аумағындағы ортағасырлық ескерткіштің біріне айналып отыр. Археологтардың болжауынша, Алтын Орда мемлекетінің өркендеу кезеңінде бой көтерген сарай түгелдей қыш кірпішпен өрілген. 2010-2011 жылдары «Атырау облыстық тарих және археология орталығы» КМҚК-ы өңірлік «Мәдени бағдарлама» аясында археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, сарайды жартылай ашқан болатын. Қазба жұмысы тобына археолог Амандық ҒАРИФОЛЛА жетекшілік етті. Биыл бұл іс қайта қолға алынды. Археологтардың басты мақсаты - керуен сарайдың нақты көлемін анықтап, жобасын толықтай ашу. Таскешу керуен сарайының маңында Тас көпір, Тас құдық орналасқан. Олардың сыры да әзірге беймәлім.      

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 қыркүйек 2012, 23:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.