Атырау, 23 желтоқсан 23:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Жолдағы «тосын сыйлар» Басқа жаңалықтар

Жолдағы «тосын сыйлар»

Атыраулық жүргізушілерге қауіп жолдың кез-келген күтпеген тұсынан төнуі мүмкін. Біз бұған қала көшелерін әдейлеп аралап көз жеткізіп отырмыз.  Дер кезінде бұл қауіптен айналып өту үшін мыналарды еске сақтаңыз. 1 маусым 2017, 00:00 3 980 рет қаралды
Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы Басқа жаңалықтар

Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ ауыл шаруашылығы министрлігіне теңізден 2 жыл балық аулауға толықтай тыйым салуды ұсынды. Балық саласы бүгінде құрып кету алдында тұрғаны құпия емес. Сондықтан әкім болған алғашқы күндерде-ақ өңір басшысының алдына балық қорларын сақтау мәселесі қойылған болатын.  26 мамыр 2017, 17:27 6 411 рет қаралды
Балалар алаңы: тіптен нашарлап кеткен Басқа жаңалықтар

Балалар алаңы: тіптен нашарлап кеткен

Екі жыл бұрын біз балалардың ойын алаңының нашар күйде екені туралы фоторепортаж жасаған едік («Сәби киімін жыртып, аяқтарын жырып алады»). Енді көпқабатты үйлердің аулаларын қайтадан шолып шықтық. Өзгерген нәрселер бар ма? Бар екен, бірақ жағдай бұрынғыдан да нашарлап кетіпті.  24 мамыр 2017, 14:36 9 114 рет қаралды
Шын жүйрікке тұсау жоқ Басқа жаңалықтар

Шын жүйрікке тұсау жоқ

Екі күн демалыста – 20 және 21 мамырда бильярд бойынша танымал кәсіпкерлердің бірінің інісі Фархат БЕКЕНОВ атындағы республикалық турнир өтті. Биыл турнирдің дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанына 10 жыл толады. Атыраудағы мерейтойлық сайысқа Қазақстанның ондаған түрлі өңірінен бильярд әуесқойлары қатысты. 23 мамыр 2017, 10:47 2 603 рет қаралды
Танымал тұлғалар: Зақаш Қамалиденов. Атыраудағы жеті күндік қадесі Басқа жаңалықтар

Танымал тұлғалар: Зақаш Қамалиденов. Атыраудағы жеті күндік қадесі

Бүгін, 18 мамырда «Алтын Шатыр» мейрамханасында біздің танымал жерлесіміз – бұрынғы Қазақстан Компартиясының ОК-нің хатшысы, ҚазССР-дың МҚК (КГБ) төрағасы және ҚазССР-дың Жоғары Кеңес Президиумының төрағасы Зақаш ҚАМАЛИДЕНОВТЫҢ жеті күндік қадесі өтті. Республиканың көрнекті мемлекеттік қайраткерінің рухына бағышталған дұға дастарханына Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, оның орынбасарлары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ және Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА, әкім аппаратының жетекшісі Ернар БАСПАЕВ, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек ОЖАЕВ келді. Сурет Бейнежазба 18 мамыр 2017, 16:05 7 180 рет қаралды
Анықтаманы sms-паролі арқылы ала алады Басқа жаңалықтар

Анықтаманы sms-паролі арқылы ала алады

Сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтаманы енді электрондық цифрлық қолтаңбасыз-ақ - еgov.kz порталына авторлану кезінде бір реттік sms-паролінің көмегімен ала алады. Бұл туралы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің басшысы Тұрлан НҰРЖАНОВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім етті. 17 мамыр 2017, 19:06 3 006 рет қаралды
Автобус қайда барады? Басқа жаңалықтар

Автобус қайда барады?

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келісімшарт бойынша автобус аялдамаларындағы электронды 20 таблоға қызмет көрсетуге тиіс болған «Akcent» ЖШС-ін сотқа берді. Ал мемлекеттік сатып алу порталында тендер жарияланып, басқа мердігерді іздестіруде. 16 мамыр 2017, 10:00 3 848 рет қаралды
Мағынасыздықтың қажеттілігі Басқа жаңалықтар

Мағынасыздықтың қажеттілігі

Сабыр ҚАЙЫРХАНОВТЫҢ 2014 жылы «Ақ Жайық» баспаханасында жарық көрген «Синхро» кітабы (электронды нұсқасын біздің сайттан табуға болады) өз әдеби өмірімен тіршілік етеді. Жақында мен theStepp сайтынан бұл романға жазылған қызықты сыни пікірді кездестірдім. 16 мамыр 2017, 12:42 3 883 рет қаралды
Балық комбинаты: алыптың орны ойсырап жатыр Басқа жаңалықтар

Балық комбинаты: алыптың орны ойсырап жатыр

Балық өнеркәсібінің бұрынғы көшбасшысы «Атырау Балықты» сонау қиын-қыстау 90-жылдары алдымен арзан бағаға жекешелендіріп, бүкіл «сөлін» шығарып алды да, содан соң кері мемлекетке қайта сатты. Оның ісін жалғастырушы «ЖайықБалық» КМК-нің мүлігі не болды және өндірістік цехтары бар алып аумақтың тағдыры не болып жатыр? 11 мамыр 2017, 00:00 8 748 рет қаралды
Марат Жыланбаев: «Адам ең төзімді мақұлық» Басқа жаңалықтар

Марат Жыланбаев: «Адам ең төзімді мақұлық»

Әлем рекордтары сериясының иегері, алғашқы және бірден-бір супермарафоншы, Азияның, Австралияның, Африка мен Американың ірі шөлдерінен жүгіріп өткен әлемдегі ең мықты әрі төзімді адаммен кездесуге шыққан едім. Мен де стереотиптің құрбаны болып, оның жанынан өтіп кеттім. Отельдегі фойенің ортасында жан-жағыма көз тастап тұрмын. Жанымда тұрған орта бойлы, тарамыс келген, бірақ шымыр деуге келмейтін ер адам  ақырын ғана: «Сізге қай жерде сөйлескен ыңғайлы?» деді. Сол кезде ғана аңыз адам Марат ЖЫЛАНБАЕВТЫҢ осы кісі екенін аңғардым. 10 мамыр 2017, 19:50 8 552 рет қаралды
Өз Қаһарманын тапқан жұлдыз Басқа жаңалықтар

Өз Қаһарманын тапқан жұлдыз

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты жанындағы колледжде Екінші Дүниежүзілік соғысының 72-жылдығына орай кездесу өтті. Онда біздің жерлесіміз, майдангер Рахметолла ҚАРАМАНОВТЫҢ тағдыры сөз болды.   Сурет 9 мамыр 2017, 17:20 2 801 рет қаралды
Әкім инспекция бастығына не үшін қатаң сөгіс берді Басқа жаңалықтар

Әкім инспекция бастығына не үшін қатаң сөгіс берді

«АЖ»-ға бейресми дереккөздерден белгілі болғандай, 2 мамырда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ кабинетінде қатаң сөгіс алғаннан кейін Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бастығы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ сол күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысының атына өзінің жұмыс орнынан кететіндігі туралы арыз бергендігі белгілі болды. 5 мамыр 2017, 15:21 4 009 рет қаралды
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жиналыс жемқорлыққа қарсы митингіні еске түсірді Басқа жаңалықтар

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жиналыс жемқорлыққа қарсы митингіні еске түсірді

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Қуанышбек МАҚАШЕВ, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Кәкім ШАЛТАНОВ және «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» (ТҚЖБ) АҚ Атырау облыстық филиалының басшысы Нұрбол ҚҰРМАННЫҢ қатысуымен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша халықпен кездесу өтті. Сурет Бейнежазба 29 сәуір 2017, 22:17 4 976 рет қаралды
Мәншүк Аймұрзиева: «Мен бұл жерге денсаулық сақтау саласын көтеру үшін келдім» Басқа жаңалықтар

Мәншүк Аймұрзиева: «Мен бұл жерге денсаулық сақтау саласын көтеру үшін келдім»

Активке денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАНЫ таныстырған облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ оған қарамағындағыларды аттестациядан өткізуді тапсырды. «Сыпырғышты табыс етті», деп әзілдеді кейбіреулер танымал мақалды меңзеп. Басқа жақтан келген әрі қарамағындағылар үшін осындай жағымсыз тапсырма алған жаңа басшыға оңай болмайтын шығар. Бірақ Мәншүк Аймұрзиева бұған қынжылмады. «Мен мұнда денсаулық сақтау саласын көтеру үшін келдім», - дейді ол. 24 сәуір 2017, 15:56 5 408 рет қаралды
Әкімдік ғимаратындағы жаңа тәртіп Басқа жаңалықтар

Әкімдік ғимаратындағы жаңа тәртіп

Атырау облыстық әкімдігіне (анықталғандай, қасиетті орынға) аяқ басушыларға қажетті кеңес: жайлылық пен қазіргі заман адамының сыртқы келбеті туралы өз ойыңды ұмытқаның жөн. Өз басым, мәселен, 21 сәуірде бұл ғимаратта таяу уақыттан бері және ескертусіз қолданысқа енген қатаң дресс-кодтан өте алмадым. 23 сәуір 2017, 00:56 3 349 рет қаралды
Кішкентай кабинеттегі үлкен пирамида Басқа жаңалықтар

Кішкентай кабинеттегі үлкен пирамида

Таяу уақыттардан бері Қазақстанда азаматтардың тұтынушылар кооперативтері жаппай пайда болуда. Олар адамдарға баспана мәселесін еш қарызсыз және қандай да болмасын артық төлемсіз оп-оңай шешуді ұсынады. Мұнайлы астанаға олар көрші Оралдан келген екен. Біз мұның не екенін анықтауға тырыстық. 17 сәуір 2017, 23:15 4 911 рет қаралды
Балығы тайдай тулаған Жайықтың күйі осындай... Басқа жаңалықтар

Балығы тайдай тулаған Жайықтың күйі осындай...

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қапырық кабинеттердегі емес, судағы жұмысын көптен бері өз көзіммен көрсем дейтінмін. Сондықтан иснпекторлар браконьерлік ау құралдарын сүзуге тікелей қатысушылар ретінде журналистерді шақырғанда мұндай мүмкіндікті жібере алмадым. 12 сәуір 2017, 11:55 4 485 рет қаралды
Даланың дана күнтізбесі Басқа жаңалықтар

Даланың дана күнтізбесі

Бұл өткен жылдың қысы болатын. Скайп арқылы түнде басқа қаладағы құрбыммен ұзақ сөйлесіп отырып қалдық. Мен оған сырттан екі рет күннің күркірегенін естігенімді айтқанда, ол қыстың ортасында күн күркірі бола ма деп күлді.  6 сәуір 2017, 16:42 7 933 рет қаралды
Жанбай балықшылары неге дүрлікті? Басқа жаңалықтар

Жанбай балықшылары неге дүрлікті?

Бұрын да хабарланғандай, 3 сәуірде Исатай ауданы Жанбай ауылының тұсынан бір топ жергілікті тұрғын браконьерлік жолмен ауланған балыққа толы «УАЗ» автокөлігін тоқтатқан АІІБ қызметкерлерінен көлікті тартып алады. Куәгерлердің айтулары бойынша, бұдан кейін облыс орталығынан әскери қызметкерлер мінген жүк көлігі ауылға қарай бет алған. «АЖ» тілшісі оқиға орнында болып, мән-жайды өз көзімен анықтауға тырысты. Сурет 5 сәуір 2017, 18:29 12 497 рет қаралды
«Прокурорлық» іс: Бірбеткейдің жазасы Басқа жаңалықтар

«Прокурорлық» іс: Бірбеткейдің жазасы

Атырау облысы прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла СМАДЬЯРОВАНЫ Алматы облысындағы әйелдер түзету колониясына этаппен жіберді. Адвокат Игорь Вранчевтің мәліметінше, ол Жауғашты поселкесіндегі ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтейді. 4 сәуір 2017, 11:24 3 672 рет қаралды
Ноғаевпен өткен бір жыл Басқа жаңалықтар

Ноғаевпен өткен бір жыл

Өткен жылы 26 наурызда сол кездегі премьер-министр Кәрім МӘСІМОВТІҢ, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан НИҒМАТУЛЛИННІҢ, Парламент Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа ІЗМҰХАМЕТОВТІҢ Атырауға келіп, жергілікті депутаттарға облыстың жаңа әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫ таныстырғаны оқырмандардың есінде шығар. Жұма күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтің оның осы лауазымда болған жылына арналғанын болжау қиын емес. Бейнежазба 1 сәуір 2017, 20:43 5 523 рет қаралды
Тасқын су сан соқтырмасын Басқа жаңалықтар

Тасқын су сан соқтырмасын

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында ондаған елді мекендер суға кетті. Топан су басу себептерінің бірі – Бұқтырма су қоймасы жарты ғасыр ішінде алғаш рет жобалау қуаттылығы бойынша арнасына лық толды. Осыған байланысты жоспарлы түрде су жіберіліп, соның салдарынан Ертіс арнасынан асып кетті. Атырауда соңғы жылдары Жайық тайызданып кеткендіктен, шынын айту керек, біз босаңсып кеттік. Бәлкім, бұл дұрыс та емес шығар. 30 наурыз 2017, 00:00 5 691 рет қаралды
​«Жергілікті» шетелдіктер Атыраудағы бағалар туралы Басқа жаңалықтар

​«Жергілікті» шетелдіктер Атыраудағы бағалар туралы

Әлеуметтік желілердегі біздің әлеуметтік және азаматтық белсенділігіміздің (сөз жүзінде, әрине) қатарында «жергілікті» шетелдіктердің ағылшынтілді қауымының белсенділігі – мәдени оқиғалар туралы құлақтандырулар, үшінші әлем елінде өмір сүру мәселелерін шешу, тұрмыстық кеңестер мен біз үшін іш пыстырарлық бейбіт тақырыптар тартымсыз көрінеді. Бірақ, жақында мен мынаған куә болдым: Атырауда 20 жылдай өмір сүрген британдық экспат азық-түліктер бағасының өскеніне абыржыпты. Мұқият әрі сақ шетелдіктер мен жергілікті тұрғындардың арасында қызықты сұхбат өрбіді. Ендеше, бірге оқып көрейік. 13 наурыз 2017, 17:35 4 528 рет қаралды