Атыраулық жүргізушілерге қауіп жолдың кез-келген күтпеген тұсынан төнуі мүмкін. Біз бұған қала көшелерін әдейлеп аралап көз жеткізіп отырмыз. Дер кезінде бұл қауіптен айналып өту үшін мыналарды еске сақтаңыз.
1. «Меркурий» ЖЖБ-не жақын маңдағы Темірханов көшесі. Көлік жолының үстінде қайдан пайда болғаны белгісіз бетонды үйінді жатыр. Оны айналып өту үшін жолдың қарсы жолағына шығуға тура келеді, әйтпесе, жоспардан тыс жөндеуден қашып құтыла аймайсыз.
2. Смағұлов көшесі бойындағы аула арасындағы қозғалысы көп жол, Жилгородок жаққа және кері қарай Азаттық даңғылы жағынан жолды кесіп тастаған. Үйлер арасындағы шұғыл бұрылыста асфальтта әлдебір құдықтың не люктің қалдығын еске түсіретін металл темір шығып
тұр. Бұл жерде жаяу жүргіншілер жолы жоқ, сондықтан жаяу жүргіншілер де осы жолдың үстімен өтеді.
3. Бетонды биік құдық Құрманғазы көшесінің бойында, бұрынғы «Мерей» базарының тұсында да бар. Сақ болыңыз!
4. Құрманғазы көшесінен Құлманов көшесіне бұрылған тұста тағы бір «тосын сый» күтіп тұр. Жолда бетонды қақпағы бар құдық жатыр. Бояуының сыпырылып түсуіне қарағанда, оның да жатқанына біраз жыл болғанға ұқсайды.
5. Нұрсая ықшам ауданында да қауіп жоқ емес. Солардың бірі – тура бұрылыстағы мына биік құмды үйінді (шамасы КНС болуы мүмкін). Үйінді жақтан жүріп келетін жүргізушілерге оңайға соқпайды: оң жағы көрінбегендіктен оларға апатты жағдай туғыза отырып, бұрылыстың
ортасына қарай жүруге тура келеді. Басқа амал жоқ!
6. Айтпақшы, жаңа ықшам аудандардағы жолға қатысты жеке мақала арнауға болады. Инфрақұрылым нысандарын орналастыруды қалай жоспарлап жатқаны маған жұмбақ боп тұр. Айталық: Жұмыскер ықшам ауданының кейбір көшелерінің тұрғындары ақыры асфальтқа қол жеткізді, алайда, көшелердің біріне асфальт төселуі екі талай. Жол өтетін жерде екі газ тарату қалқандары, өрт сөндіру гидрантының құдығы және электр таратушы бағандар тұр.
7. Шағын Сақпаров көшесінің тұрғындары да асфальтсыз қалды. Олардың бірінде газ таратушы қалқан, ал енді бірінде электр бағандары ретсіз орналасқан. Ол аздай жолға жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының бірі Сақпаров көшесіне бұрылатын тұсқа биік септиктің люгін орнатып қойған.
8. Сөзіміздің соңында тағы бір көзіміз шалған жайттарды баяндай кетейік. Жұмыскер мен Жұмыскер-2 ықшам аудандарын бөліп тұрған орталық көшенің жүргінші бөлігіне автобус аялдамасы үшін орындар дайындалуда. Сол аялдамалардың ортасында қалып жатқан көшедегі жарық бағандары жүргізушілер мен жолаушыларға кедергі келтірмейді деп үміттенеміз.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор