Атырау, 27 қараша 18:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сиырлардың барлығына екпе егіледі

2 266 просмотра

29 наурызда Атырауда нодулярлы дерматитке қарсы вакцинаның ірі партиясы түсуі тиіс. Содан кейін ол ірі мүйізді қараны вакциналау үшін аудандарға бөлінеді.

Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы Элеонора ДӘУІТБАЕВАНЫҢ айтуынша, 250 мыңнан астам доза күтілуде. Облыста жасы төрт айдан асқан мүйізді ірі қараның барлығына екпе егіледі. Ал бұл 152 мыңдай бас. Жас малдарға екпе екі рет егіледі.

Еске салсақ, өткен жылдың жазында нодулярлы дерматит індетінің салдарынан Құрманғазы мен Исатай аудандарының аумағында, сонымен қатар, Атырау қаласындағы Дамбы мен Кеңөзек ауылдық округтерінде карантин жарияланған болатын Дерматит індеті салқынның түсуімен тоқтай ма?»). Жұқпалы індет, жорамал бойынша, Ресейден жұқтырылған (бейресми мәліметтер бойынша, нодулярлы дерматит жағдайы бұдан бұрын Астрахан мен Волгоград облыстарында тіркелген). Қауіпті сырқат 6 894 сиырға жұққан, оның 5 750-і емделді, 1 119-і өлді. Өлген малдың қожайындарына республикалық бюджеттен өтемақы бөлінді.

Өткен жылы біз сырқаттан өлген жануарлардың өлекселерін өртеп жібердік. Нодулярлы дерматиттің жануардан адамға жұқтырылу фактісі медицина тәжірибесінде тіркелген жоқ. Бірақ, бұл мүмкін емес деп үзілді-кесілді растай алмадық. Қазір жүргізілген зертханалық зерттеулерден кейін ауырған жануарлардың еттері жеуге жарамды екені дәлелденді, - дейді Э.Дәуітбаева. – Енді біз ауыл шаруашылығы министрінің №587 бұйрығына өзгерістер енгізілуін күтеміз. Соған сәйкес жануардың терісі мен ішек-қарны ғана өртеліп, ал етін тамаққа пайдалануға рұқсат беріледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

28 наурыз 2017, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.