Атырау, 27 қараша 13:27
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мерекелік төлемдер

2 498 просмотра


Жеңіс мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестіріліген тұлғалар жергілікті бюджеттен 100 мың теңгеден алады. Демеушілер де өз үлестерін қоспақ.

Ақшалар зейнетақы шоттарына аударылады. Аудандарда мемлекеттік 100 мыңнан басқа ардагерлер демеушілерден 50 мың теңгеден алады. Ал облыс орталығында тұратындар – 150 мың теңгеге азық-түлік сертификаттарын алады. Атырау облысында барлығы 43 соғысқа қатысушы бар, оның 33-і Атырауда.

- Биылғы жылдан бастап мерекелік төлемдер бойынша соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің қатарына ауған соғысының жауынгерлері мен Чернобыль АЭС апатын жоюшыларды да теңестірді. Егер бұрын 9 мамырға орай 5 мың теңгеден алған болса, енді биыл оларға 100 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек бөлінетін болады. Олар сәуірде 5 мың теңгеден алды, ал қалған 95 мың оларға мамырдың аяғына дейін аударылатын болады, - дейді облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Жанар ҚАСИДЕНОВА.

Биыл мүгедек балалар мен барлық топтағы мүгедектер үшін бір рет берілетін төлемдер көбейеді. Бұрын олар 1 маусымда (Балаларды қорғау күні) және 1 қазанда (Қарттар күні) тиісінше, 5 мың теңгеден алатын. Енді бұл даталарға сәйкес төлем мөлшері 20 мың теңгені құрайды.

Бұдан басқа, соғыс ардагерлері ай сайын коммуналдық қызметті төлеуге 15 мың теңгеден, ал марапатталған тыл еңбеккерлері мен соғыс қатысушыларына теңестірілген тұлғалар 10 мың теңгеден алады, - деп еске салды Ж.Қасиденова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2017, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.