Атырау облысы бойынша ТЖД бастығының орынбасары Замир БЕРДАШЕВТІҢ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлаған ақпаратын осы сөздермен қорытуға болады.
Ол әңгімесін «Қазгидромет» РМК болжамынан бастады. Тасқын кезінде облыстағы өзендердің су көлемі жалпы норма шегінде және өткен жылғыға қарағанда сәл көбірек болады деп күтілуде.
- Ақтөбе облысындағы Елек өзенінің бойымен секундына 450 текше метрден астам көлемде су келген. Су қоймасы лық толып, бүкіл келген су төменге қарай ағылды.
Тұрғын үйлер мен саяжайлар суға кетіп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, басқа да шаралар ұйымдастырылды. Төтенше жағдайдың орын алуына қардың күрт еруі мен жауын-шашын себеп болды.
Бірақ, мұндай қауіп бізге төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысынан кейін Ресей аумағының бойымен ағып жатқан Елек өзенінің деңгейі Веселое селосының маңында 30 см-ге азайған. Қазір Батыс Қазақстан облысында мол су бар, ол жер суға кетіп жатқан жоқ. Елек секілді Оралға құятын Сақмар өзеніне келер болсақ, Терая елді мекенінде су азайды. Көпшілігі менен «бұл су бізге келе ме?» деп сұрайды. Бір ғана нәрсе айта аламын – Қазақстан аумағындағы Жайық өзенінің ұзындығы мыңнан астам шақырымды құрайды. Көптеген өзекшелер мен ескі арналар – бос, құрғап жатыр. Сондықтан, тасыған су осы табиғи арналарға құйылады.
Дегенмен де, біз Ресей ТЖМ-мен өзара іс-қимыл және гидрологиялық мәліметтер алмасу жұмыстарын ұйымдастырдық.
Бердашевтің айтуынша, облыста ұзындығы 415,5 км болатын қоғаныс бөгеттері бар, оның 40 пайызына қалпына келтіру жұмыстарын жасау қажет. Құрманғазы ауданында қорғаныс бөгетінің 28,6 км қауіпті учаскесі қалпына келтірілді. Өткен жылы бұған жергілікті бюджеттен 47 млн теңге бөлінді.
Биыл Махамбет ауданының Алға ауылында 2 км бөгетті жөндеуге 22 млн теңге бөлінді.
- Ресей су қоймасынан жіберілген су көлемін атасаңыз, әйтпесе, қандай көлем туралы айтылып жатқаны түсініксіз...
- Наурыздың басында Волгоград су қоймасынан жіберілген су секундына 6 мың текшені құрады. 20 сәуірге дейін бұл цифр 8 мың текшені құрады. Ал бүгінгі күні ол 11 мыңға дейін көбейді. Өткен жылы жіберілген су көлемі 27 мың текше болды, осы себепті Құрманғазы ауданының аумағын су басу қаупі туындады. Жағдайды кім қиындатуы мүмкін? Ешкім де. Волгоград су қоймасында бос орын жеткілікті, қауырт режимде су жіберілмейді деп бізге ескертті. Көп нәрсе Волганың жоғарғы жағындағы қар қорына байланысты, ал ол нормадан сәл жоғары.
Иректі су қоймасы бойынша ағымдағы жылдың басында жіберілген су секундына 25 текше болды, бүгінде ол 100 текшеге дейін жетті. Ал 2014 жылы бүкіл жаз бойына 120 текшеден түспеді. Бұл қауіп тудыратын секундына 500-700 текше емес.
Құрманғазы ауданында бөгеттің тұрғын үйлерге жапсарлас орналасуы қиындық тудырады. Алайда, қауіпті учаскелердегі бөгеттің деңгейін көтердік. Атыраудағы жағдай осындай. Мен көктемде барып кеттім. Ол ауылдық округтің атауын білмеймін – ол жерде саяжайлар бар және екі округ қатар орналасқан, оң жақ жағалауда сияқты (журналистер болжай бастады – Еркінқала немесе Дамбы округі ме?), әрі қарай теңіз бар, мен білмеймін, бұл лауазымға жақында тағайындалдым. Ол жерде бөгеттер шайылып кеткен жерлер болды, кейбір бөгеттерді тұрғындар үйлерін салу үшін іргетасқа қолданатын топырақ ретінде талап алған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор