Атырау, 24 сәуір 04:42
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Әкім инспекция бастығына не үшін қатаң сөгіс берді

3 783 просмотра
Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ (ортада).

«АЖ»-ға бейресми дереккөздерден белгілі болғандай, 2 мамырда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ кабинетінде қатаң сөгіс алғаннан кейін Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бастығы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ сол күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысының атына өзінің жұмыс орнынан кететіндігі туралы арыз бергендігі белгілі болды.

Әкімнің инспекция басшысы – «Бекіре-2017» үйлестіру штабы жетекшісінің жұмысына көңілі толмауына жеткілікті негіз болған шығар. Біздің бейресми ақпарат бойынша, Нұрлан Ноғаев оған теңіздегі шақырымдаған браконьерлік ау-торлар, ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің Ермекқалиевтың қарамағындағы қызметкерлердің бірін бекіре балығымен және уылдырықпен ұстағандығы туралы, басқа бір мас инспектордың қатысуымен болған көлік оқиғасы және жақында астрахандық шекарашылар ұстаған біздің «қызыл» балық тиелген 4 тонналық дағыстандық КамАЗ-ға қатысты жанжалдар туралы еске салған. Шамасы, «ақ үйден» өз кабинетіне келген кезде бірден қолына қалам алып, өзін лауазымынан босату туралы арыз жазуына қарағанда, инспекция басшылығы әкімнен тағы да көп ұнамсыз нәрселер естіген шығар.

Айтпақшы, жақында басқа бір бейресми дереккөз «АЖ»-ға өткен сенбіде, 29 сәуірде ауыл шаруашылығы мен балық саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ тікұшақпен теңіз аймағын шарлап шыққандығы туралы айтып берді. Ол жоғарыдан көрген жағдайға және ахуалға наразы болғаны соншалық, қайтар жолда бортқа Мұрат Ермекқалиевты алмаған. Оны Жанбай балықшылар поселкесіндегі атышулы қайықтарды тәртіпке салу үшін тастап кетіпті. Байғұс басшыға сол жерде бір жарым тәуліктей болып, көлік ішінде түнеуге тура келген...

Естеріңізге салсақ, Мұрат Ермекқалиев 2014 жылдың қазанынан бастап инспекцияға басшылық етті. «АЖ» бетінде 2012 жылдың 25 шілдесінде былай деп жарияланған еді: «Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ЭжСЖҚКД бастығының екі орынбасары Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ пен  […]аттестаттау қорытындысы бойынша қаржы полициясы органдарынан жұмыстан босатылған». Шамасы, қызмет мансабындағы 2 жылғы үзіліс ішінде кейбір бұрынғы күш құрылымдары қызметкерлеріне ақыл кіріп, білім жинайтындығы соншалық, кейін оларды басқа, беделді лауазымдарға тағайындауға мәжбүр болатын шығар...

Жеке ақпарат

5 мамыр 2017, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.