Атырау, 27 қараша 14:40
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Танымал тұлғалар: Зақаш Қамалиденов. Атыраудағы жеті күндік қадесі

Сурет Бейнежазба
6 796 просмотра

 

Бүгін, 18 мамырда «Алтын Шатыр» мейрамханасында біздің танымал жерлесіміз – бұрынғы Қазақстан Компартиясының ОК-нің хатшысы, ҚазССР-дың МҚК (КГБ) төрағасы және ҚазССР-дың Жоғары Кеңес Президиумының төрағасы Зақаш ҚАМАЛИДЕНОВТЫҢ жеті күндік қадесі өтті. Республиканың көрнекті мемлекеттік қайраткерінің рухына бағышталған дұға дастарханына Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, оның орынбасарлары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ және Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА, әкім аппаратының жетекшісі Ернар БАСПАЕВ, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек ОЖАЕВ келді.

Белгілі ардагерлер - Орынғали ҚАРАСАЕВ, Мәдина ҒАБДІСӘЛІМОВА, Амангелді СЕЛБАЕВ, Мағауия ШЫРДАБАЕВ және басқалар Гурьев облыстық атқару комитетінің бұрынғы басшысы, 85 жастағы Есен ТАСҚЫНБАЕВТЫҢ бастауымен залға кіріп келді, Кейін оларға облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВ келіп қосылды. 

Марқұмның туыстарына көңіл айтқан Н.Ноғаев өзінің еске алу сөзінде өткен жылы Қамалиденовпен кездескенін айтты. Бұл оның туған жеріне соңғы рет аяқ басуы екен. Әкім оның жоғары адами қасиеттерін және елдің игілігі үшін жасаған көп жылғы жемісті жұмысын атап өтті. 

Еске алу қадесінде біздің танымал жерлесіміз туралы  О.Қарасаев, М.Ғабдісәлімова (ол және Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ марқұмның Алматыда өткен қоштасу рәсіміне қатысты) және басқа да сөз алған азаматтар өздерінің естеліктерімен бөлісті. Айтпақшы, марқұмның қызы мен немерелері Алматы әуежайында ұшақтың кешігу салдарынан үлгере алмады, ал ұлы болса, өздеріңіз білесіздер, Парижде РФ елшілігінде әскери атташе болған кезде жұмбақ жағдайда қаза тапқан еді.

Зақаш Камалиденовті соңғы сапарға шығарып салуға арналған ресми шара оңтүстік астананың Офицерлер үйінде өтті. Қазаға көңіл білдіру үшін Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК те қатысты. Құрметті әскери қарауылмен Кеңсай зиратына жол тартқан қайғылы шеру Қазақстанның бұрынғы басшыларының бірін жер қойнауына тапсырды. Марқұм өзінің жарының жанынан орын алды.  



Жеке ақпарат

 

18 мамыр 2017, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.