Атырау, 27 қараша 13:37
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Төбе құлауға шақ тұр

Сурет
3 235 просмотра

Әуезов көшесі, №10 үйдің 2-қабатының тұрғындарына қауіп төніп тұр. Жилгордоктағы ескі үйдің аркасы әбден шіріп кеткен, кез келген сәтте құлап түсуі мүмкін.

Алдымен тұрғындардың басына сылақтар мен торламаның бөлшектері түсе бастаған. Ал енді кезінде арка жасалған шіріген тақталар бөлшектеліп түсіп жатыр.

Сегіз пәтерлік үйдің төртеуі бірінші қабатта, төртеуі екінші қабатта орналасқан. Біз ПИК-ке кірмейміз, сондықтан бұл проблеманы өзіміз шешуіміз керек. Алайда, бірінші қабаттағы тұрғындар бізге қатысты емес, басымызға ештеңе түсіп жатқан жоқ деп, ат-тондарын ала қашты. Ал біз, жоғарыдағылар жөндеу сметасын жасадық. Тек жұмысшылардың өзіне 250 мың теңгеден шықты, оған қоса құрылыс материалдары бар. Бұл сома төрт отбасына ауыр тиеді. Күн сайын жанымызды шүберекке түйіп, пәтерімізге жүгіріп кіріп-шығамыз, арка кез келген сәтте опырылуы мүмкін, - дейді үй тұрғындарының бірі.


Айта кету керек, жолдың ар жағындағы 9-нөмірлі осындай үйдің жағдайы анағұрлым жақсы. Арканың сылағы мен торламасы баяғыда құлап қалған. Тақталар әзірге шыдап тұр.

Әуезов көшесінің бойымен көпірге дейін көлік қозғалысы ашылғалы бері ескі үйлер шөгіп, қабырғаларына жарықтар түсе бастады, - дейді тұрғындар.


Бұған таң қалуға болмайды. Бұл үйлердің салынғанына жетпіс жылдан асты. Бір кездері тыныштыққа, жасыл-желекке оранған ауқымды тұрғын үй массиві Жилгородокқа 1943 жылдың күзінен бастап 1944 жылдың көктеміне дейін мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері үшін салынған болатын. Құрылысқа орта азиялық сәулет элементтері көп қолданылған, фрескалық көркемсуреттер, жабыстыратын әшекейлер, ағаш құрылымдар, сондай-ақ, түрлі белдемелер (көлденең белдеу немесе дөңес түріндегі сәулет элементтері) пайдаланылды. Жилгородокқа кезінде республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш мәртебесі берілгені кездейсоқ емес. Оны ешкім жойған жоқ.

Бірақ, қазір кейбір тұрғындарға мәртебе маңызды емес, оларға тек амандық керек...

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

17 мамыр 2017, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.