18 наурыз күні Марат МУРЗИЕВ Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды.
М. Мурзиев 1981 жылы дүниеге келген. Ол екі жоғары оқу орынын тәмамдаған, заң және экономикалық білімі бар. Алғашқы еңбек жолын Атырау қаласының табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастап, одан кейін Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. 2012 жылдан осы күнге дейін Атырау облысының тексеру комиссиясының төрағасы лауазымын атқарған.
Еске салып өтейік, осы жылғы наурыздың басында бұрынғы аудан әкімі Тұрарбек СҰЛТАНБЕКОВТЫҢ үстінен ҚР ҚК-нің 367-бабы 2-тармағы («Айтарлықтай мөлшерде пара беру») және 189-баптың 3-тармағы 2-тармақшасымен («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») 4 млн 560 мың теңге айыппұл салынған болатын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА