Атырау, 19 тамыз 18:03
 дождьВ Атырау +35.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Джакартада өткен Пара Азиада ойындарында тағы да атыраулықтар көзге түсті.  Еркін стильде 50 метрлік қашықтықта Ержан Сәлімгереев екінші алтын алқасын алды. Алғашқы алтынды ол соның алдында өткен 100 метрлік қашықтық бойынша алған еді.  18 қазан 2018, 00:00 2 990 рет қаралды
Қылмыскер «слесарьлар» Басқа жаңалықтар

Қылмыскер «слесарьлар»

Балықшыда тұрғын үйлерді ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда. Ал кейбір жергілікті тұрғындар жылу қызметкерлеріне көмектеспейді, керісінше әрекет етеді. Жақында Құнанбаев көшесінің бойындағы №3 үйдің жертөлесінде қалалық ТКШ бөлімінің қызметкерлері металл сынықтарын қабылдау орнына криминалдық жолмен тапсыру үшін әзірленген жылу жүйесінен ажыратылған 8 жаңа ысырманы анықтады. Ұры ұрлық орнынан қашып кеткен. 17 қазан 2018, 14:40 3 208 рет қаралды
Газ - қауіпті Басқа жаңалықтар

Газ - қауіпті

Брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Серік ҚЫДЫРОВ филиалдың биылғы жыл басында техникалық қызмет көрсетуге келісімшарты жоқ тұрғындарға жаппай газ беруді тоқтатқан жағдайға тікелей қатысы жоқтығын мәлімдеді. 17 қазан 2018, 11:03 2 833 рет қаралды
Теңіз кенішінде 22 жұмысшы уланды Басқа жаңалықтар

Теңіз кенішінде 22 жұмысшы уланды

16 қазанда кешкісін Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің «Болашақ» вахталық поселкесінде «Монтажспецстрой» АҚ-ның 22 жұмысшысы тамақтан улану белгілерімен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. 17 қазан 2018, 10:57 2 459 рет қаралды
Бюджеттің аты бюджет Басқа жаңалықтар

Бюджеттің аты бюджет

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдық округтарға «бюджеттің төртінші деңгейі» енгізілді, яғни, бұрын жоғары жаққа кететін салықтың бірнеше түрі  ауыл бюджетіне бағытталды. Түскен қаржыны тек мектеп жасқа дейінгі тәрбиеге, аббаттандыру мен көгалдандыруға, жол жөндеу және сумен қамту жұмыстарына ғана пайдалануға рұқсат. «АЖ» тілшісі  жаңа жүйе Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылында қалай қолданылып отырғанын зерделеді.  17 қазан 2018, 10:06 5 950 рет қаралды
Түркиядан террористік қылмыстар жасаған күдікті экстрадицияланды Басқа жаңалықтар

Түркиядан террористік қылмыстар жасаған күдікті экстрадицияланды

16 қазанда Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Түркиядан Елдос Күншығаровты экстрадициялады. Бас прокуратура сайтының ақпараты бойынша, ол 2011 жылы Атырау қаласының аумағында террористік қылмыстарды жасағаны үшін күдікті. 17 қазан 2018, 10:09 2 888 рет қаралды
«Әлем дауысы» Астананы жаңғыртты Қоғам

«Әлем дауысы» Астананы жаңғыртты

5-11 қазанда әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының  съезі аясында өткен халықаралық «Астана - Әлем дауысы» фестивалі 25 елден келген 500-ден астам хор әртісінің басын қосты. Бұл елдердің қатарында Австралия, Моңғолия, Грузия, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ бар. Сурет 16 қазан 2018, 16:16 3 269 рет қаралды
Біліксіздік пе, әлде...? Басқа жаңалықтар

Біліксіздік пе, әлде...?

Облыстық прокуратура аудан әкімдерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында жер заңнамасының өрескел бұзылғанын анықтады. «Өкілетті органдардың қызметінде жеке тұрғын үй құрылысына және коммерциялық мақсаттар үшін жер телімдерін ұсыну кезінде заңсыз сегменттеу және жер телімдерінің мақсатты пайдалануын өзгерту бойынша ережелер жүйелі түрде еленбей келген», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 16 қазан 2018, 11:36 2 680 рет қаралды
Бүгінде Атырауда 867 тұрғын үйдің 252-іне жылу берілді Басқа жаңалықтар

Бүгінде Атырауда 867 тұрғын үйдің 252-іне жылу берілді

15 қазанда таңертең Атырауда термометр минус 2 градусты көрсетіп тұрды. Атырау облыстық энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы Қуанышбек ЖҰМИЕВТІҢ айтуынша, бүгін 15 қазанда ЖЭО жүйесіне қосылған қаладағы 867 тұрғын үйдің 252-сіне және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №30 балабақша мен ескі жұқпалы аурулар ауруханасынан басқа әлеуметтік 134 объектілеріне жылу берілді.  Толықтырылды 15 қазан 2018, 14:54 2 424 рет қаралды
Заңсыз жолаушы тасушыларға айыппұл салынды Басқа жаңалықтар

Заңсыз жолаушы тасушыларға айыппұл салынды

Атырауда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жол полицейлерімен бірлесіп, салық органдарына тіркелмей жұмыс істеп жүрген таксишілерді анықтау бойынша рейд жүргізді. Үш күн ішінде 50-ден астам заңсыз жұмыс істеп жүрген таксишілер анықталды. 15 қазан 2018, 17:07 2 685 рет қаралды
Бәс тіктіріп, бас бостандығы шектелді Басқа жаңалықтар

Бәс тіктіріп, бас бостандығы шектелді

№2 Атырау соты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деп айыпталған 25 жастағы қала тұрғынына үкім шығарды. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, ол Нұрсая ықшамауданынан лицензия алмай және салық органдарына тіркелместен букмекерлік кеңсе ашқан. 15 қазан 2018, 16:22 1 874 рет қаралды
Қытайлық қазақтар топ жарды Басқа жаңалықтар

Қытайлық қазақтар топ жарды

13 қазанда Атырауда жеңіл атлетика маусымының жабылуына байланысты «Yellow Race» кросы ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 түрлі санатқа бөлінді: 8-11 жас аралығындағы балалар үшін 500  метр, 12-15 жастағылар үшін 700, ал ересектер үшін Сұлтан Бейбарыс алаңынан басталып Жеңіс саябағына дейінгі 4,5 шақырым қашықтыққа созылды. Сурет Бейнежазба 15 қазан 2018, 15:35 2 809 рет қаралды
Жылтыр көше артындағы жыртық үй Басқа жаңалықтар

Жылтыр көше артындағы жыртық үй

Атырау, әрине, жыл сайын гүлденуде, бірақ орталық көшелердегі жылтыр үйлердің артында әбден тозығы жеткен ескі тамдар көп. Ал 2014 жылы облыстық мәслихат депутаттары 2014-2020 жылдарға арналған Атырау қаласындағы жатақханаларды, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу  бағдарламасын бекіткен еді. Тізім жасалды. Бірақ жоспар бір басқа, ақиқат бір басқа: бағдарламаға жеткілікті деңгейде қаржылай қолдау көрсетілмегенге ұқсайды. Сурет Бейнежазба 13 қазан 2018, 20:47 4 917 рет қаралды
Талғайраңға дейінгі жол кеңейтіледі Басқа жаңалықтар

Талғайраңға дейінгі жол кеңейтіледі

Келер жылы Атырау-Индер жолының қалаға кіретін бөлігі (0-10 км) қалпына келтірілетіндігі туралы ақпаратты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі растады. Қазіргі уақытта құны 4,5 млрд теңге болатын жоба тендерлік рәсімнен өтуде. 12 қазан 2018, 10:58 3 269 рет қаралды
Ағылшынша сезіну Қоғам

Ағылшынша сезіну

Маған Жайық жағасында Эд Ширанның дауысымен ән шырқаған жасөспірім туралы роликке сілтеме жіберген еді. Әрине, мен продюсер емеспін, бірақ менің ортамда бұлай ән айтпайды, ал жігіт ағылшын тілінде жақсы айтуды қайдан үйренген? Бейнежазба 12 қазан 2018, 14:27 4 718 рет қаралды
Латын әліпбиін таныстыру семинары өтуде Басқа жаңалықтар

Латын әліпбиін таныстыру семинары өтуде

11-12 қазанда Атыраудагі Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөнінде көшпелі семинар-тренинг өтуде. Іс-шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған, спикері - астаналық қоғам қайраткері, «Үш байлық» ҚБ директоры Оразгүл АСАНҒАЗЫҚЫЗЫ. Кіру тегін, ниет білдірушілердің барлығы талқылауға қатыса алады. 11 қазан 2018, 17:56 2 868 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Басқа жаңалықтар

Спорт жаңалықтары

Атыраулық жүзгіш Ержан Сәлімгереев Джакартадағы Пара Азия ойындарында алтын алқа жеңіп алды. Еркін стильде 100 метрге жүзу бойынша ол 1 минут 12 секундта мәреге жетіп, екінші келген Қытай өкілінен 2 секундқа ерте келді. 11 қазан 2018, 00:00 3 270 рет қаралды
Астрахан жолы ақындарды да толғандырды Мәдениет

Астрахан жолы ақындарды да толғандырды

9 қазан күні Құрманғазы ауданының орталығында ауданның құрылғанына 90 жыл толуына арналған батыс аймақтық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Ақындар аудан тынысымен бірге, салынуы ұзаққа созылған Атырау-Астрахан жолын да жыр сүңгімен түйреп өтті. 10 қазан 2018, 15:35 5 871 рет қаралды
Түтіні түзеу шыққан ауыл Басқа жаңалықтар

Түтіні түзеу шыққан ауыл

Совет үкіметі кезінде Қызылқоға ауданындағы Соркөл елді мекені ферма орталығы болған, алайда қазір көп нәрселер өзгерді.  «АЖ» тілшісі Мұқырдан 80 шақырым шалғайда жатқан 70-ке жуық тұрғыны бар осы ауылдың жай-күйімен танысып көрді. Сурет Бейнежазба 10 қазан 2018, 14:20 7 740 рет қаралды