Атырау облысының аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ақпараты бойынша, соңғы үш жылда браконьерлер Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі балық қорларына 254 млн теңге зиян келтірген. Атышулы оқиғалардың бірі - 2017 жылдың күзінде «карандаш» деп аталатын, яғни, жыныстық жетіліп үлгермеген бекіре тұқымдас балықтың бір тоннадан астамын аулаған Жанбайдың төрт тұрғыны ұсталған болатын.
«Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК қызметкерлері браконьерлер жарып тастаған балықтарды сақтауға жіберген кезде өздері өсірген балықтарын «танып», жағаларын ұстаған еді. Олар әлі кішкентай шабақтар: қортпа балықтарының жасы әрі кеткенде 2 жылдық, шоқыр 3-4 жылдық, бекірелер 4 жылдық болатын.
Бұл варварлар балықтарды әрқайсысының ұзындығы 100 метр болатын үш аумен аулаған. Бұлар, әдетте, кәнігі жергілікті браконьерлер пайдаланатын қытайлық даражіптен жасалған синтетикалық торлар. Бұл аулау құралын сатуға тыйым салынған, бірақ «АЖ» жүргізген кішігірім эксперимент Атырауда «китайканы» (балықшылар осылай атайды) оп-оңай сатып алуға болатындығын көрсеткен еді.
...Ау құралдарын сатып алмақ болғаным Балықшы маңындағы үкілерден маужырап балық аулап отырған кейбір балықшыларға күдік тудырды, ал кейбірі күйеуіме жақсы сыйлық тарту етсем деген аңызыма сеніп, тіпті, осы үшін мақтау да естідім. Сөйтіп, аз уақыттан кейін тыйым салынған қызметін «Мерей» базарының маңында жүзеге асырып жүрген жергілікті тұрғынның ұялы телефонын да алдым. Ол маған әрқайсысын 3600 теңгеге бес «кукланы» (қолдануға дайын 100 метрлік қытай торы) сатуға дайын болды.
Аумақтық инспекция мәліметі бойынша, балық инспекторлары маусым ішінде мұндай торларды судан жүздеп шығарады екен: үш жыл ішінде 2376 бірлік тәркіленген. Бұл теңіз бөлігінде ғана.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА