Атырау, 16 қазан 12:02
 дождьВ Атырау +17.1
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Жүргізуші қашып кеткен қайғылы оқиға: Қызылордада сәби көз жұмды

62 рет қаралды
ChatGPT көмегімен жасалған сурет
ChatGPT көмегімен жасалған сурет

Қызылордада полицейлер нәрестесі бар әйелді көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр. Алған жарақаттарынан сәби ауруханада көз жұмды.

Қайғылы оқиға 13 қазанда сағат 17:10 шамасында Құттықожа көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан дереу бой тасалаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқан ұл баланың анасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ал биылғы мамыр айында дүниеге келген сәби ауыр бас-ми жарақатын алған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өңірде күдіктіні іздестіру жарияланып, құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Бүгін, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.