Атырау, 25 қараша 06:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Театрда үзіліс

Сурет
3 332 просмотра


Құрылыс ағаштарының арасында қолдарына болгарка ұстаған жұмысшылар ерсілі-қарсылы жүр. Аппарат бөлмесінде таяу шет елден келген меймандар қабырғаларды сылап жатыр. Фойеде айна жақтауларын мұқият бояп жатқан әріптестер өзара күбірлесіп қояды. Жалпы, сырт көзге М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрын қайта жаңғырту жергілікті бюджеттен бөлінген 800 миллион теңге түгелімен игеріліп жатыр. 

ДЫБЫС – КӘСІБИЛІКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Театр өткен жылдың сәуірінде қайта жаңғырту жұмыстарына жабылған болатын. Сол жылы оған академиялық мәртебе берілді. Енді театр директоры Берік ЖӘМЕНОВТІҢ айтуынша, «біз осы мәртебеге сай болуға тиіспіз».

- Бұл жерде нағыз заманауи театрға айналу үшін бәрі жасалады. 2006 жылғы күрделі жөндеуден кейін көп көрермен залдағы дыбыстың дұрыс шықпайтынына шағымданды, қазір біз бұл проблеманы жоюдамыз. Қабырға панельдерін, едендерді ауыстырып жатырмыз. Тек төбені ғана ауыстырмауды ұйғардық: ол жерде бәрі дұрыс, төбедегі үшбұрышты дөңестердің саңылаулары арқылы дыбыс бүкіл залға біркелкі таралады, - деп әңгімеледі Б.Жәменов.

Бүгінде театрдың қасбеті жаңарып, фойеге, дәліздерге және актерлардың гримдеу бөлмелеріне жөндеу жүргізілген. Жөндеу жұмыстарына Ресейден мамандар шақыртылған: бұл тұрғын үй емес, әкімшілік ғимарат болғандықтан, кәсібилікті қажет ететін жұмыс.

- Жөндеу жүргізу бір басқа, ал бүкіл техникалық ерекшеліктерін, акустикасын бұзбастан жөндеу бір басқа. Сондықтан қандай материалдармен жұмыс жасайтынымызды ұзақ ойландық, - деп ойымен бөлісті директор.

Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін залда жаңа қолайлы орындықтар болады, бүкіл техникалық жабдықтар да ауыстырылады.

«БҰЛ ТЕК ТЕАТР БОЛАДЫ»

- Жергілікті тұрғындар театрға жиі келе ме? 2014 жылы облыс әкімі  600 орындық залға көрермендер толмайды, сондықтан оны студенттермен толтыруға тура келеді деп мәлімдеген еді.

- Театр сұранысқа ие. Болашақта көрермендердің санын көбейту мақсатында қазақ тілін түсінбейтіндер үшін синхронды аударма енгізуді жоспарлап отырмыз, - деп жауап берді Б.Жәменов.

- Көп ұзамай Атырауда үлкен концерт залының құрылысы қалпына келтіріледі. Олар сіздердің бәсекелестеріңізге айналады деп қорықпайсыздар ма?

- Ешқандай, тіпті, керісінше. Бүкіл концерттер сол жерде өткізіліп, біз тек театр қойылымдарымен айналысатын боламыз. Бізде аптасына 5 күн спектакль, фестиваль сияқты шаралар өтіп тұруы тиіс. Кейде басқа жақтан келетін жұлдыздар сахнамыздан түспейтін кездер болады да, театр актерлары дайындық жасайтын жер таппай қалады.

- Театрда касса жұмыс істеп тұр, демек, спектакльдер қазір де өтіп жатыр ғой?

- Иә, 80 орындық кіші залда қойып жүрміз.

- Труппада қанша адам бар? Актерлардың ешқайсысы қайта жарақтау жұмыстарының салдарынан жұмыссыз қалып қойған жоқ па?

- Қазір штатта 60 актер бар, жөндеу жұмыстарына байланысты ешқандай қысқарту немесе жұмыстан босату болған жоқ. Бәрінің жұмысы бар.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

27 ақпан 2019, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.