Атырау, 25 қараша 06:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

3 477 просмотра


26 ақпанда Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ Шәкір КЕЙКИНДІ коммуналдық мәселелер жөніндегі өз орынбасары етіп тағайындады. Бұл лауазым өткен жылдың қарашасынан бастап Нұрлан ТАУБАЕВ облыс әкімінің орынбасары боп тағайындалғаннан кейін бос қалған еді.  

Осы тағайындауға дейін Ш.Кейкин қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімін басқарды. Ал бұдан бұрын Жылыой ауданы Құлсары қаласының тумасы 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. 1993-2008 жылдар аралығында Жылыой ауданының коммерциялық құрылымдарында жұмыс істеді, содан кейін мемлекеттік қызметке ауысты. Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып, 2009 жылдан 2018 жылдың қазанына дейінгі аралықта Құлсары қаласының әкімі лауызымдарында еңбек етті.

Кейкин мен Құттымұратұлының еңбек жолы 2017 жылы тоғысты: Құттымұратұлы сол кезде Жылыой ауданының әкімі болды, ал Кейкин Құлсары әкімдігін бірнеше жылдан бері басқарып жүрген болатын. Енді олар мұнайлы астананың әкімдігінде бірге еңбек ететін болады.

Фархат ӘБІЛОВ

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған сурет

26 ақпан 2019, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.