- Атырауға жақында келген едім. Жағалауда жүгіріп жүргенде «Атырау» шипажайының аумағынан мұнай тербелмесін көрдім. Ол шынымен де сол жерден мұнай шығарып жатыр ма?
Үндістандық мейман
Сұраққа гидрогеолог Нұргүл САБУРОВА жауап берді:
- Бұл мұнай ұңғымасы емес. Атырау аумағында минералды сулардың бірнеше кеніштері бар, олардың бірі шипажай аумағында орналасқан. Осы ұңғымадағы жерасты суында бромның жоғары концентрациясы бар. Ол маңызды бальнеологиялық компонент, жүрек-қан тамыры, сүйек-бұлшықет, жүйке жүйелері ауруларына өте пайдалы. Көп жылдардан бері шипажай мамандары оны демалушыларды емдеу үшін қолданып келеді. Айтпақшы, су тербелменің жанындағы сорғымен тартып алынады, ал оның өзі әдемілік үшін тұрған нәрсе.
Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА