Атырау, 19 тамыз 17:23
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

​  Ауылда ауыз су жоқ Басқа жаңалықтар

​ Ауылда ауыз су жоқ

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы 2000-нан астам тұрғыны бар Котяевка ауылы әлі күнге дейін толықтай ауыз сумен қамтылмаған.  Ауылдан үш шақырым жерде орналасқан ескі су тазарту қондырғысы (бұдан әрі СТҚ) ауылды түгел игере алмайды. Сурет Бейнежазба 30 қазан 2018, 15:47 6 073 рет қаралды
"Жас отау" бағдарламасы тоқтатылады Басқа жаңалықтар

"Жас отау" бағдарламасы тоқтатылады

Атырауда 29 жасқа дейінгі жастарды қолжетімді баспанамен қамтуға арналған «Жас Отау» бағдарламасы келесі жылдан бастап тоқтатылады. Басты себеп – пәтер алған жастардың 40 пайызы әлі күнге ипотекалық қарыз жарналарын төлемеген.      30 қазан 2018, 15:21 4 091 рет қаралды
Дабылдатқан қаланы Басқа жаңалықтар

Дабылдатқан қаланы

Соңғы кездері мұнай астанасының көшелерінде жедел жәрдем көлігінің сиренасы жиі естілетін болған. Не өзгерді? Шұғыл жағдайлар көбейіп кетті ме? Осы сұрақты «Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» КМҚК-нің жаңа бас дәрігері Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВҚА қойған едік. 30 қазан 2018, 12:06 2 766 рет қаралды
Өзін адал мердігер ретінде көрсеткен Басқа жаңалықтар

Өзін адал мердігер ретінде көрсеткен

№2 Атырау қалалық соты 48,5 млн теңге ұрлады деп айыпталған ЖШС-нің 43 жастағы директорына үкім шығарды. Қылмыстық іс материалына сүйенсек, азамат О. қалалық әкімдікпен мұнай астанасының оң жақ жағалауындағы су іркуіш және су тазарту құрылымдарының құрылысын жалғастыру үшін жалпы сомасы 294,9 млн теңгеге келісімшарт жасаған.  Жұмыстарын толық аяқтамай, тапсырыс берушіге нысан толық дайын деген құжаттар ұсынған. 30 қазан 2018, 10:38 2 117 рет қаралды
Жастығын аңсау ма әлде... Басқа жаңалықтар

Жастығын аңсау ма әлде...

Қазан айында еліміздің басқа өңірлеріндегідей мұнайлы астананың бірнеше мектептерінде БЛКЖО-ның 100 жылдығына орай сынып сағаттары мен басқа да шаралар өтті. Қазіргі жастардың көбі бұл қысқарған сөздің шешуін де біле білмес: Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы. Бүгін, 29 қазанда, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиын өтуі керек еді. Алайда соңғы сәтте өткізілмейтін болды. 29 қазан 2018, 22:38 2 675 рет қаралды
Даладағы және қаладағы қуғын Басқа жаңалықтар

Даладағы және қаладағы қуғын

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Әлиев пен Сатыбалдиев көпірінде жол полицейлері Toyota Hilux көлігінің жүргізушісін ұстап жатқаны туралы бейнежазба таралып жатыр. «АЖ» тілшісі оның не үшін ұсталғанын сұрастырған еді. Бейнежазба 29 қазан 2018, 17:42 3 110 рет қаралды
Екі айда игереміз Басқа жаңалықтар

Екі айда игереміз

Жақында үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан САҒЫНТАЕВ бюджет қаржылары толық игерілмейтін өңірлердің басшыларын сынға алып, артылған қаражаттың «пысық» өңірлерге берілетінін ескертті. Ал Атырау облысында қаржы қалай игеріліп жатыр? 29 қазан 2018, 16:42 2 299 рет қаралды
«60 мыңға қалай күн көресің?» Басқа жаңалықтар

«60 мыңға қалай күн көресің?»

Ресми статистика бойынша, Атырау облысында 14,9 мың жұмыссыз бар, оның 5200-і облыс орталығында тұрады. «АЖ» тілшісі бүгінде мұнай астанасында қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін және дипломы бар түлектердің неліктен жұмысқа орналаса алмайтындығын сұрастырған еді. 29 қазан 2018, 16:27 2 604 рет қаралды
"Бас прокуратурамен келіспесек те, орындауға мәжбүрміз" Басқа жаңалықтар

"Бас прокуратурамен келіспесек те, орындауға мәжбүрміз"

ҚР Бас прокуратурасының алқасында қозғалған тақырыптардың бірі энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысы болды. Атап айтқанда, бұған «Атырау Энерго Сату» ЖШС де ілікті: «Мәселен, «Атырау Энерго Сату» баға келісу кезінде жеке тұлғаларға 413 млн квт сағатты 5,3 теңгеден, ал мемлекеттік мекемелер мен компанияларға 858,3 млн квт/сағатты 18 теңгеден сататындығын мәлімдеді. Квт/сағаттың орташа құны 11,6 теңге болды. Бірақ іс жүзінде 2017 жыл ішінде заңды тұлғаларға 380 млн/сағатқа көбірек сатылып, орташа салмақталған тариф 13,8 теңге болды. Бұл монополияға қарсы орган мақұлдаған мөлшерден 20 пайызға көп. Нәтижесінде, «Атырау Энерго Сату» 1,2 млрд теңге көлемінде негізсіз табыс тапқан». 27 қазан 2018, 22:05 2 112 рет қаралды
Оралмандар Атырауда қалғанды жөн көреді Басқа жаңалықтар

Оралмандар Атырауда қалғанды жөн көреді

Жыл басынан бері Атырау облысында 26 494 жұмыс орны ашылған және, керісінше, 18 кәсіпорында 517 адам қысқарған. Басқа елдерден келген 129 этникалық қазаққа “оралман” мәртебесі берілді. Соның ішінде, Қытайдан келген 19 қазақ бар. Брифингте облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ осы және басқа да цифрларды мәлімдеді. 27 қазан 2018, 22:31 2 201 рет қаралды
Дөңгелекті сайла Басқа жаңалықтар

Дөңгелекті сайла

Күн суыта бастағанда көлік әуесқойлары қысқы дөңгелектерге көшуі тиіс. Мұның заңнамамен қалай реттелетінін Атырау облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТАН сұраған едік. 26 қазан 2018, 17:26 3 182 рет қаралды
Өзгенің құдығына қауға салма Басқа жаңалықтар

Өзгенің құдығына қауға салма

Құрманғазы аудандық соты алаяқтық жасады деп айыпталған жергілікті шаруа қожалығының басшысына үкім шығарды. Ол «Қазагромаркетинг» АҚ Атырау филиалынан «мал шаруашылығы жайылымдарын суландыру және сумен қамту инфрақұрылымын құру» мақсатында 6,5 млн теңге алған, алайда жұмысты тиісінше атқармаған. 26 қазан 2018, 15:26 2 830 рет қаралды
Вакцинада шошқа майы жоқ Басқа жаңалықтар

Вакцинада шошқа майы жоқ

Жақында болған Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың сальмонеллезден жаппай улануына асхана қызметкерлерінің салдыр-салақтығы себеп болған. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВ хабарлады. «АЖ» тілшісінің сұрақтарына жауап берген ол тұмауға қарсы вакцина құрамында шошқа майы бар деген пікірді жоққа шығарды. 26 қазан 2018, 12:30 2 890 рет қаралды
Экологтар «Атырау су арнасына» шүйлікті Басқа жаңалықтар

Экологтар «Атырау су арнасына» шүйлікті

Атырау әкімшілік сотында «Атырау су арнасы» КМК-нің облыстық экологиялық департаментіне қарсы талап арызы бойынша сот процесі аяқталды. «Су арнасы» бұдан бұрын өзіне салынған 191 млн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлмен келіспеді. Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, айыппұл сомасын 133 млн теңгеге дейін азайтты. Бірақ бұл бәрібір 2017 жылы табысы 18 млн теңге болған кәсіпорын үшін өте қомақты сома. 26 қазан 2018, 09:42 2 613 рет қаралды
Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты Басқа жаңалықтар

Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты

24 қазанда таңертең Атырауда Авангардағы 5 қабатты үйлердің бесінші қабатынан өрт шықты. Оны көрген патрульдік полицейлер өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, өртеніп жатқан пәтерге кіріп, бірнеше баланы өрттен алып шықты. Балалардың ішінде бір жасар сәби де бар. 25 қазан 2018, 15:49 3 080 рет қаралды
Асыл тұқымды сиырлар неден өлді? Басқа жаңалықтар

Асыл тұқымды сиырлар неден өлді?

Әлеуметтік желілерде голштино-фриз тұқымды бірнеше сиырдың жерде құрысып, селкілдеп жатқаны бейнеленген қысқа бейнежазба таралып жатыр. Сол сәт өңірімізде асыл тұқымды мүйізді ірі қараларға індет таралып жатыр деген қауесеттер желдей есіп кетті. Ал «АЖ» Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен мынадай комментарий алды. Бейнежазба 24 қазан 2018, 16:31 7 129 рет қаралды
Саунадағы жеңгетай Оқиға

Саунадағы жеңгетай

№2 Атырау сотында 36 жастағы Өзбекстан азаматшасына қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы (жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот Привокзальныйдағы сауналардың бірінде әкімші болып жұмыс істеп жүрген М.-ның 2018 жылдың қыркүйегінде саунадағы екі клиенттің өтініші бойынша оларға интимдік қызмет үшін қыздар шақырғанын анықтады. 24 қазан 2018, 12:40 4 792 рет қаралды
Батпақта жүретін көлік пен мұржалар туралы Басқа жаңалықтар

Батпақта жүретін көлік пен мұржалар туралы

Атырау облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі басқармасының бастығы Жасболат БЕРЖАНОВ брифингте келесі жылы департаменттің жол талғамайтын батпақта жүретін қуатты көлік сатып алатындығын, сол кезде теңіз жағалауындағы «Ақ жайық» резерватының қамыс қопаларында орын алатын өрттермен ойдағыдай күресуге болатынын хабарлады. 24 қазан 2018, 10:10 2 969 рет қаралды
Құрманғазыны жеңген Балабайсан Қоғам

Құрманғазыны жеңген Балабайсан

Қазақтың құдіретті күй өнері батыс өңірде кең дамығаны тарихтан белгілі. Өңірімізде Құрманғазы, Дина сынды бүкіл елге танымал дауылпаз күйшілерімізбен бірге  сол дәуірде Балабайсан ДАУЫЛҰЛЫ да күй өнерінде өшпес ізін қалдырып кеткен. Бейнежазба 23 қазан 2018, 15:54 7 724 рет қаралды
Погонды акушерлер Басқа жаңалықтар

Погонды акушерлер

Атырау облыстық Полиция департаментінің 25 қызметкері (бұрынғы ІІД 16 қазаннан бері осылай аталады) облыстық перзентханада төтенше жағдайда әйелдерді босандырып алуды үйренді. Алдымен кәсіби акушерлер «Уәсила» мен «Фатима» деген манекендерге оны қалай жасауды үйретіп көрсетті, кейін полицейлер өздері байқап көрді. Дәрігерлердің айтуынша, олар әжептәуір орындап шыққан. Сурет 23 қазан 2018, 15:16 3 642 рет қаралды