Азаматтық авиация комитетінің сайтында баспасөз хабарламасы пайда болды: конкурстық комиссия «Qazaq Air» әуе компаниясының өтініштерін қарастырып, халықаралық әуе бағыттарына, соның ішінде, Атырау-Астрахан, Атырау-Минеральные воды және Атырау-Тбилиси бағытында сертификаттар беру туралы шешім қабылдады.
Әуе компаниясы төмендегі әуе тасымалдарын жүзеге асырады:
• Алматы - Бішкек - Алматы;
• Алматы - Ош - Алматы;
• Атырау - Астрахан - Атырау;
• Атырау – Минеральные Воды - Атырау;
• Атырау - Тбилиси - Атырау;
• Ақтау - Тбилиси - Ақтау;
• Ақтау - Грозный - Ақтау;
• Өскемен - Новосибирск – Өскемен.
Алғашқы рейс 21 наурыз күні Алматы - Бішкек бағыты бойынша орындалады. Ал сәуірде Атырау-Астрахан бағыты бойынша әуе тасымалы іске қосылады.
Өңірлік халықаралық бағыттарды іске қосу 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында келетін екі жаңа Bombardier Q400 NextGen ұшақты сатып алу арқылы мүмкін болды.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА