Атырау, 25 қараша 04:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Жедел жәрдем" енді адаспайды

2 524 просмотра


Биылғы 19 ақпаннан бастап «жедел жәрдемді» 103-ке ғана емес, 112 нөміріне де соғып шақыра аласыз. Бұл қоңырау қабылдау уақытын 70% қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңа бағдарламада нақты уақытта шақырылған қызметті бақылауға болатын және соңғы кездері қаламызда көп кездесіп жүрген "жедел жәрдем" көлігінің адасуына жол бермейтін электрондық карта қолданылады. Бұл туралы «Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» КМҚП бас дәрігері Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді.

- Бұрын «103» операторлары кішігірім ғимаратта дәрігерлердің жанында орналасты. Бір бөлмеде бір уақытта бірнеше қоңырау қабылданып, бұл жұмыс жасауға кедергі келтіретін. Кейде, осыған байланысты, мекенжай дұрыс алынбай немесе үйдің немесе телефон нөмірін шатастыратын жағдайлар болатын. Қазір біздің диспетчерлер Владимирский көшесіндегі бөлек жаңа ғимаратқа орналасты, олар радиотелефондармен қамтамасыз етілген, қоңырауларды компьютерге енгізеді. Күмән туған жағдайда, компьютердің өзі көшенің дұрыс атауын көрсетеді, мұның бәрі электронды картаға енгізілген, - деді Сүйеуғалиев.

«АЖ» сауалдары:

- Жыл басында қала тұрғындары «103» пультіне қоңырау шалып, ала алмайтындарына шағымданған еді.

- Иә, жаңа жылдан кейін ақпанға дейін осылай болды. Біз кемшіліктерді жойдық, енді штаттық режимде жұмыс істейміз.

- Сіздер үшін ең қиыны тәуліктің қай бөлігі?

- Бұл - адамдар жұмыстарынан келген кешкі уақыт. Қоңыраулардың ең көбі кешкі сағат алтыдан түнгі бірге дейін түседі.

- Станцияда кадрлар тапшылығы бар ма?

- Бізде 650 адам жұмыс істейді – дәрігерлер, фельдшерлер, жүргізушілер, операторлар. Жалпы адам жеткілікті.

- Біздегі мәлімет бойынша, ақпанда шақырту кезінде қала тұрғыны фельдшерді қағып кеткен. Осындай жағдай болды ма?

- Иә, ондай факті бар. Қазір тергеу жүріп жатыр, басқа бұл туралы ештеңе айта алмаймын.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

7 наурыз 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.