Атырау, 25 қараша 06:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құбылған бағалар

2 122 просмотра


Биыл ақпан айында азық-түлік тауарларының бағасы қаңтар айымен салыстырғанда 1,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар 0,3%-ға көтеріліп, ал ақылы қызметтер 0,5%-ға төмендеді, - деп хабарлады Атырау облыстық статистика департаменті.

Ақпан айында нан (2,6%), ет (1,8%), ұн (1,5%), темекі өнімдері (1,1%), сүт өнімдері (0,6%), балық және теңіз өнімдері (0,5%), алкоголь өнімдері (0,2%) бағаларының көтерілгендігі байқалды.

Дәрілік заттардың және көліктердің бағалары 0,9%-ға, кеңсе тауарлары 0,5%-ға, киім және аяқ киім 0,3%-ға қымбаттады.

Әуе жолаушылар көлігімен жүру ақысы 4,1%-ға, теміржол көлігімен жүру 3,8%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ыстық суға тарифтер 5,5%-ға, суық су мен кәріз жүйесі - 5% -ға, тұрғын үйді күтіп ұстау - 3,5%-ға, орталықтан жылыту - 3%-ға, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ - 0,9%-ға төмендеді.

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 296 191 теңге болды (2017 жылға қарағанда 12,8% жоғары).

2019 жылдың қаңтар айының соңында жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген адамдар саны 6862 адам, бұл жұмыссыздық 4,9% деңгейінде.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

5 наурыз 2019, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.