5 наурызда ҚР мен РФ шекарасындағы Котяевка бекетінде шекарашылар 6 тонна насыбай алып өтпекші болған екі Ресей азаматын ұстады. "49 және 35 жастағы екі РФ азаматы "Газ-3022" автокөлігімен Қазақстаннан 6 тонна шекпейтін шылым - "насыбай" алып өтпекші болған. Жүргізушілер насыбай салған қапшықтардың ішінде ұн бар деп сендірмекші болды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Ұсталған ресейліктер жүктерімен бірге Құрманғазы аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттерді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі ұсынды
"АЖ" АНЫҚТАМАСЫ: Насыбай темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасалатын ащы, күшті иісті зат. Насыбайды құмарлық үшін атады. Саптыаяқ (үккіш) темекі жапырағын әбден ұнтақтап, арша немесе сексеуіл, қайың, тобылғы, қылша күлін қосып, оған су сеуіп әзірлейді. Оның бұйра Н. деген түрі де болады. Бұйра Насыбайды ұнтақтап, су сепкен соң тесік қалбырдан өткізеді. Оны көбінесе астыңғы ерінге кейде тілдің астына салады. Оны атпай, тек иіскеу үшін пайдаланатындар да бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында Насыбай әшекейленіп жасалынған мүйіз шақшаға, құтыға салынған. Насыбайдың денсаулыққа зияны көп.