Атырау, 25 қараша 04:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тауық табысқа қосылмауы мүмкін

3 473 просмотра


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жақында тағайындалған басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА өткізген брифинг негізінен «АЖ» екі рет жазған атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тақырыбына арналды.

Қамидолланың айтуынша, Атырау облысында 2019 жылы АӘК төлеуге 677 миллион теңге бөлініп, әрі қарай бұл соманы 1 миллиард теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.

Облыста 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 16 485 көпбалалы ана және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған 3 341 ана бар.

- Үйлерді, отбасыларды тексереміз, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, АӘК алуға үміттене алатын отбасыларды анықтаймыз. Мысалы, облыс орталығында 18 отбасы өздеріне әлеуметтік көмек тиесілі екенін білмеген, - дейді Қамидолла.

- Табыс ретінде жалақы мен зейнетақы ғана емес, сонымен қатар, үй шаруашылығындағы мал, мысалы, сиыр мен тауық есепке алынады. Жұмыста жоқ ауыл тұрғындарының қорасында бірер мал болатыны белгілі, яғни, олар АӘК ала алмайды. Сондай-ақ ата-ананың зейнетақысы да табыс деп есептелетіні сұрақтар туғызып отыр. Бұл жайттар қарастырыла ма?

- Иә, халықтың малға және ата-ананың зейнетақысына қатысты наразылықтары ескеріле отырып, бұл мәселелер қайта қаралады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

9 наурыз 2019, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.