Атырау, 21 желтоқсан 22:20
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бюджеті үлкен «Б» санатындағы футбол

3 098 просмотра


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы спорттың төмендегі түрлері бойынша облыстық командаларға 2019 жылға бөлінген бюджет көлемін жариялады: футбол – 1 млрд. 922 млн теңге, хоккей және мәнерлеп сырғанау – 718 млн. 960 мың, баскетбол - 585 млн 721 мың, ұлттық спорт түрлері - 188 млн 330 мың, бокс - 153 млн 724 мың, қазіргі заманғы бессайыс - 8 млн 81 мың теңге.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Ринат ИБРАГИМОВТЫҢ айтуынша, спорт түрлері бойынша клубтарды қаржыландыру олардың спорттық жетістіктерінің нәтижелеріне  байланысты болады.

- Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет еліміздің әр облысындажақсы дамып келе жатқан спорт түрлерін анықтып, сол бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Олар үш - «А», «В», «С» санаттары бойынша жіктеледі. – дейді Ибрагимов.   – Бірінші санатқа өңірлердегі жақсы дамып келе жатқан және споршылары үнемі алтын медальдарға ие болып отыратын спорт түрлері жатады, демек, бұл санаттарды қаржыландыруды көбейтуге  болады.  «В» санаты:спортшылар тұрақты нәтижелер  көрсетеді, ал рейтингте тұрақты түрде  орта деңгейді сақтап қалады, яғни, олар өткен жылғы көлемде ақша алады. Ал, «С» санатына спортшылары ешқандай көрсеткіштерге қол жеткізбеген спорт түрлелері енеді және оларды қаржыландыруды қысқартуға болады.  

Айталық, футбол бойынша Атырау облысы «В» санатына кіреді,  хоккей бойынша  –  «А» санатына енеді. Демек, спорт клубтарының болашағы ойыншылардың өз қолында.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 наурыз 2019, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.