Атырау, 18 тамыз 10:35
 дождьВ Атырау +20.1
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

Атырауда

Маусымнан бері Атырау облысында пневмониядан 122 адам қайтыс болды Атырауда

Маусымнан бері Атырау облысында пневмониядан 122 адам қайтыс болды

Бүгінде Атырау облысында пневмонияға шалдыққан 5809 науқас тіркелді, маусымнан бастап бұл дерттен 122 науқас қайтыс болды. Бұл туралы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ хабарлады. 18 шілде 2020, 21:08 4 148 рет қаралды
Браконьерлікпен күресушінің ісі тез арада сотқа жолданды Оқиға

Браконьерлікпен күресушінің ісі тез арада сотқа жолданды

17 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Атырау облыстық ПД су полициясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданғанын хабарлады. ҚР ҚПК 190-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің жеделдетілген тәртіппен аяқталғаны нақтыланады. 18 шілде 2020, 15:47 3 836 рет қаралды
Атырау облысында карантин ресми түрде 3 тамызға дейін ұзартылды (Қаулы) Атырауда

Атырау облысында карантин ресми түрде 3 тамызға дейін ұзартылды (Қаулы)

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов облыстағы карантин шараларын 3 тамызға дейін ұзартты. Еске салсақ, алдыңғы шектеу шаралары 19 шілдеге дейін белгіленіп, содан соң үкімет карантин мерзімі тағы екі аптаға ұзаратынын мәлімдеді. Осы шешімге сәйкес жаңа құжат қабылданды. 18 шілде 2020, 15:01 5 157 рет қаралды
Мемлекеттік қызмет пен жеке бизнесті шатастырып алды Оқиға

Мемлекеттік қызмет пен жеке бизнесті шатастырып алды

16 шілдеде №2 қалалық сот Атырау облысының көліктік бақылау инспекциясының бұрынғы басшысына үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, маусымның басында ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. 18 шілде 2020, 14:19 3 471 рет қаралды
Атыраудағы өлім-жітім: «Күніне 15-20 қабір қазамыз» Қоғам

Атыраудағы өлім-жітім: «Күніне 15-20 қабір қазамыз»

Біз әлі күнге дейін Атырау облысында коронавирустан және пневманиядан көз жұмғандардың нақты санын білмейміз. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің ресми сайтында біздің облыста коронавирустан тек қана 13 адам ғана көз жұмғанын айтады. Дегенмен қала кішкентай ғой, адамдар бір-бірімен хабарласып тұрады, жағдайдың да мүлдем басқаша екенін көз көріп жүр. Үрей тудырғым келмейді, бірақ халық ақиқатын білуі тиіс. Осы орайда «АЖ» тілшісі мұнайлы астаның үлкен қорымдарын аралап, қабір қазушылармен тілдесіп қайтқан еді. Сурет 18 шілде 2020, 13:40 9 122 рет қаралды
1 тамыздан бастап жарық тарифі 10%-ға көтеріле ме? Атырауда

1 тамыздан бастап жарық тарифі 10%-ға көтеріле ме?

17 шілдеде Атырау облысында жарық тарифін осы жылдың 1 тамызынан бастап көтеру мәселесі бойынша онлайн режимінде қоғамдық тыңдау өтті. Электрмен жабдықтау кәсіпорны «Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА баяндама жасады. 18 шілде 2020, 12:30 3 016 рет қаралды
Атырауда қашықтан оқитын оқушылар компьютерлік техникалармен қамтылады Атырауда

Атырауда қашықтан оқитын оқушылар компьютерлік техникалармен қамтылады

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен селекторлық жиында айтылды – деп, хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 17 шілде 2020, 20:44 3 253 рет қаралды
Атырауда «ковид-такси» қызметі іске қосылды Атырауда

Атырауда «ковид-такси» қызметі іске қосылды

Ковид-такси бригадасы жедел жәрдем қызметін көрсетеді және түнгі ауысыммен жұмыс істейді. Қала тұрғындары 103 нөміріне қоңырау шалып, шақыра алады. Ковид-такси қызметіне үйде пневмония мен коронавирустан емделіп жатқан науқастарға медициналық көмек көрсету кіреді. 17 шілде 2020, 12:30 3 470 рет қаралды
22 миллионға «жайлы спорттық киім» қазір кімге керек? Басқа жаңалықтар

22 миллионға «жайлы спорттық киім» қазір кімге керек?

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы 22 млн 321 мың теңгеге спорттық киім тігуге конкурс жариялады. Осылайша, облспорт 500 жергілікті спортшыны киіндірмек ниетте. Бұл ретте Қазақстанда коронавирусқа байланысты спорттық іс-шаралар наурыз айынан бастап өткізілмей келеді. Толықтырылды 17 шілде 2020, 11:41 4 957 рет қаралды
​Саяхатты қоя тұруды шешті шенеуніктер Атырауда

​Саяхатты қоя тұруды шешті шенеуніктер

14 шілдеде Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 3719 мың теңгеге облыстың туристік логотипін жасау конкурсын қайта өткізуді хабарлаған болатын (алғашқы конкурс бір ай бұрын жарияланған еді, бірақ қатысуға ниет білдіргендер болған жоқ). Ал келесі күні облыс әкімдігі райынан қайтып, конкурстан бас тартты. Оған әлеуметтік желідегі пікірлер түрткі болса керек.  17 шілде 2020, 10:20 2 856 рет қаралды
Дәріханадағы алыпсатарлық тиылар емес Атырауда

Дәріханадағы алыпсатарлық тиылар емес

Атырау облысының бас санитар дәрігері Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ дәрі-дәрмектің шекті бағасын сақтау және өңірдегі дәріханаларда алыпсатарлыққа жол бермеу жөніндегі мониторинг нәтижесіне түсініктеме берді. 17 шілде 2020, 10:26 3 223 рет қаралды
Сотталған алты әйел көмектесуге ниет білдірді Атырауда

Сотталған алты әйел көмектесуге ниет білдірді

УГ-157/11 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан алты әйел Атыраудың қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелердегі медициналық қосынға қол ұшын беріп, жәрдемдесуге ниет білдірді. Барлығының да медициналық білімі мен тәжірибесі бар. 16 шілде 2020, 16:13 3 553 рет қаралды
Суға түспеген жөн-ау Атырауда

Суға түспеген жөн-ау

Шілденің аптап ыстығында өзеннің суына бір сүңгіп шыққың-ақ келеді. Бірақ бас санитар дәрігер қоғамдық орындар мен «арнайы жабдықталмаған орындарды» айтпағанда, жағажайға баруға тыйым салды. Қала тұрғындарының көбі бұл шектеуге немқұрайлы қарайды. Тек бір күннің өзінде, 14 шілдеде атыраулық полиция тексеру кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы («Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша 20 хаттама толтырды.   16 шілде 2020, 15:39 3 310 рет қаралды
Есболдағы «рейд»: Полицейлер бес жылға сотталды Оқиға

Есболдағы «рейд»: Полицейлер бес жылға сотталды

Индер аудандық соты екі полиция қызметкеріне бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Естеріңізге салсақ, полиция қызметкерлері - 31 жастағы Асылхан НЫСАНОВ пен 23 жастағы Наурызбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВҚА Есбол ауылының тұрғындарына қарсы арнайы құралдарды заңсыз қолданды деген айып тағылған еді. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыз. 16 шілде 2020, 15:02 7 962 рет қаралды