Атырау, 20 сәуір 11:39
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасы келесі жылы аяқталады

4 439 просмотра

«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасын келесі жылы аяқтайды. Бұл туралы «АЖ»- ға «ҚазТрансОйл» АҚ хабарлады.

Бұған дейін «ҚазТрансОйл» АҚ коронавирус пандемиясына байланысты «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасын іске асыру мерзімін қайта қарап жатыр деп хабарланған еді.

- Реверс жобасы объектілерінің құрылыс алаңында және жабдыққа тапсырыстар орналастырылған елдерде коронавирус инфекциясының жаңа түрі COVID-19 өршуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған шектеу шаралары жабдықты уақтылы жеткізуге және құрылыс қарқынына теріс әсер етті. Реверс жобасын аяқтау келесі жылға жоспарланып отыр, - деп жауап берді компанияның баспасөз қызметі «АЖ» сауалына.

Баспасөз қызметінің ұсынған ақпараты бойынша, «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасы «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары жүйесін салу және дамыту кезеңдерінің бірі. Оны пайдалануға бергенде  батыс-қазақстан кен орындарының мұнайын жылына 6 млн тоннаға дейінгі көлемде Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына кері бағытта айдауды, сондай-ақ «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры бойынша Қытайға және «Шағыр» мұнай құю пунктінен теміржол цистерналарымен экспорттауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске қосу кезеңі екіге бөлінген. Қазір бірінші іске қосу кешенді жұмыстары бойынша барлық іс-шаралар аяқталды. Атап айтқанда, Атырау аймағында орналасқан Н.Шманов атындағы негізгі мұнай айдау станциясынан «Атырау – Кеңқияқ» мұнай құбырына дейін жалпы ұзындығы 6,5 км болатын құбырдың бойына екі тармақты мойын салынды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 қазан 2020, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.